Үй жағдайында майлы табаны қалай тазалаймыз?

Oinet.kz 01-05-2020 2695

Ас үй әрбір әйел адамның жеке «жұмыс орны» болып саналады. Ондағы әрбір ыдыстың тазалығы арқылы үй иесінің қандай адам екенің байқауға болады. Әдетте таза табаларға жеңіл-желпі тамақ жасау арқылы оны майлы еті аламыз. Әрі оны тазалау қиынға соғары анық. Осындай кезде табаның сапасын құртып алмайтындай тазалау әдісін білу қажет-ақ. Ендеше сіздерге майлы табаны әп-сәтте жарқырататын ең оңай әдістер жайлы айтамыз.

1575711658_snimok-jekrana-2019-12-07-v-11_39_56.jpg

1. Қайнату

Үлкен ыдысқа су құйып оны отқа қоямыз. Қайнар алдын суға үгітілген кір сабынды, жарты стакан ас содасын және желімді саламыз. Дайын қоспаға майлы табамызды бірнеше сағатқа салып қоямыз. Су қайнаған соң оттты бәсендету қажет. Табаның ұстайтын бөлігін шешіп алған дұрыс. Егер таба тым қатты майлы болса көп уақытты алады, яғни ұзақ уақыт қайнатылады.

2. Сірке суы

Суға сірке суы мен тқзды қосамыз. Дайын болған қоспаны табаға жағып бәсен отқа қоямыз. Қайнаған соң қалған қоспаны табаға жағып шығамыз. Табаның сыртқы бөлігін қатты ысқышпен қырып тазалаңыз. Бәрін жасаған соң табаны жақсылап жуу қажет.

3. Белсендірілген көмір (Активированный уголь)

Табаның жарқырау үшін белсендірілген көмірді пайдалану жаөсы әсер етеді. Ол үшін бізге 10 таблетка қажет. Оларды майдалап  кір жуатын ұнтақпен араластырып дымқыл табаға жағып шығамыз. Жарты сағаттан соң арнайы құралдармен оны жақсылап қырып, тазалап алған жөн. Табаңыз әп-сәтте жарқырап шыға келеді.

4. Зәйтүн майы

Үлкен ыдысқа 250 грам кір жуатын ұнтақ, ас содасы және зәйтүн майын қосамыз. Дайын болған қоспаға майлы табаларды салып қайнатамыз. Майдан арылған табаларды жақсылап жуу қажет.

Бұл әдістер тек табалаоды тазалау үшін емес, сонымен бірге басқада майлы ыдыстарды тазалауға жақсы көмектеседі. 

Үй жағдайында қара қазанды қалай тазалаймыз?
Үй жағдайында микротолқынды пешті тазалау жолдары
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу