Қолтықтағы жағымсыз иістен қалай құтыламыз?

Oinet.kz 15-04-2020 5480

Еркіндік әркезде де адамға қуаныш пен тыныштық сыйлары сөзсіз. Еркін өмір сүру үшін адамдар бірнеше мәселені шешіп алған дұрыс. Әсіресе, жаздың ыстық күндерінде жарқын түсті киімдер кигісі келеді. Сондықтан да қолтықтан шығатын жағымсыз иістен дер кезінде арылған дұрыс. 

lecenie-gipergidroz-sola.jpg

Арылу жолдарын білмес бұрын, оның негізгі шығу себебін анықтаған дұрыс. Қолтықтан шығатын жағымсыз иістің негізгі себебі – қолтықтағы түк. Сонымен қатар жүйке жүйенің бұзылуы, стресс жіне қорқыныш та себеп болады. Егер сіз кептірілген, майлы тағамдар, кофе, ішімдік сынды басқа да өнімдерді тұтынсаңыз жағымсыз иістің иесі атанарыңыз сөзсіз. Әрі жағымсыз иіс қалқанша безінің дисфункциясы кезінде, горманалды бұзылулар және қант диабеті кезінде де адамның бойынан шығып тұрады. Ендеше, сіздер пайда болған осы келеңсіз  мәселені шешудің жолдарын анықтайық.

1. Дұрыс тамақтану

Егер сіз жағымсыз иістен арылғыңыз келсе тұтынып жатқан тағамдарыңызға назар адару. Бір апта бойына дұрыс тамақтану, яғни көбіне көкөніс, жеміс-жидектер жеп, ұн және тәтті, майлардан аулақ болыңыз. Әрі күніне 2 литр таза су ішіп жүріңіз. Осы арқылы жағымсыз иістен арылсаңыз, демек сізге тамақтану мәзірін өзгерту қажет болады.

2. Тазалықты сақтау

Жағымсыз иістің шығу себебінің негізгі себептерінің бірі – тазалықты сақтамау. Қолтықтан шығатын жағымсыз иістен арылу үшін аптасына 2 рет душ қабылдап, киімдерді уақытылы ауыстырып тұру қажет. Әрі қолтық иісіне арналған заманауи құрылғыларды да ппайдаланған артықтық етпейді. 

3. Халықтық емдер:

Лимон шырыны

Қышқыл кез келген микробтар мен жағымсыз иістен құтылуға көмектеседі. Лимон шырын жағымсыз иістен арылуға таптырмас құрал болғандықтан, оны қолтыққа мұқият жағып қойған дұрыс.  

Ас содасы

Жақсы душ қабылдап болғасын әлі де дымқыл болып тұрған проблемалы жерге ас содасын жағып, 5-7 минут күткен соң жылы сумен жуып тастаңыз. 

Хош иісті май

Жағымсыз иістен арылу үшін розмарин майы ерекше көмектеседі. Бұл май бактерияға қарсы құрал ретінде кеңінен танымал. Сондықтан, оның бірнеше тамшысын сүлгіге тамызып, проблемалық жерге жаққан дұрыс. Бұл тәсіл лезде арылуға көмектеседі деп ойлаймын.

Электронды темекінің пайдасы мен зияны
Брекет және оның күтімі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу