Электронды темекінің пайдасы мен зияны

Oinet.kz 15-04-2020 2876

Қазіргі таңда көздің жауын алатын қызықты әрі бір қарағанда зиянсыз болып көрінетін өнертабыстыра пайда болды. Солардың бірі – электронды темекі. Бұл темекінің мықты жарнамасы арқылы әлемге танымал болып үлгерді. Жарнамасына сүйенсек, электронды темекі зиянды әдет – темекі шегуден арылтады әрі зиянсыз болып табылады-мыс. Расыменде, электронды темекі зиянсыз ба? Ендеше, осы материалда электронды темекінің қаншалықты зиянсыз екендігін анықтайық. 

1519651672_1_c93d3a.jpg

Электронды темекінің пайдасы мен зияның анықтамас бұрын, оның қандай құрылғы екенін біліп алайық. Ол кәдімгі темекіге қарағанда ауырлау және ұзындау болып келеді. Ортасында батарейка мен никотині бар картридж салынады. Батарейка картриджді қыздырып, никотиннің буын шығарады. Бұл бұйымның бағасы арзан емес. Қуат бергіш құрылғысымен бірге 14-35 мың теңге аралығында.

Электронды темекінің пайдалы тұсы:

Егер сіз кәдімгі темекіні электронды темекіге алмастырсаңыз тыныс алу жүйесіне аздап күш түсіресіз. Бұл әсер көміртегі тотығы бар токсиндердің, шайырлардың және басқа да қоспалардың болмауымен ерекшеленеді. Осы факт арқылы денсаулыққа аз зияның тигізетінің білн аламыз. Тағы бір жақсы жағы айналадағы адамдарға да зияны аз болмақ.

Электронды темекінің зияны:

Никотин темекінің бір сорғаннан-ақ қанға енеді. Бұл қауіпті есірткінің адам ағзасы мен психологиялық жүйесіне тигізер зияны ұшан теңіз. Жоғарғы дәрежесі жүрек-қан тамырлар ауруларына, склеротикалық және басқа патологиялық ауруларға әкеп соқтырады. Өкпені айтпағанда, бүйрек пен бүкіл шығару жүйесі де қатты зардап шегеді. 

Ұзақ уақыт бойына денеге тараған никотиннің әсерінен адамда қауіпті ісік ауруы пайда болады. Электронды темекінің кәдімгіге қарағанда денсаулыққа тигізер зияны мол. 

Дене никотинды қабылдау барысында бір сәтте тыныштық таба алмайды. Бұл бүкіл ішкі ағза жүйесіне ауыр жүктеме болып табылады. 

Темекі шегудің барлық түрі денсаулыққа өте зиянды әрі өкпе рагына алып келеді. Демек, ең дұрысы бұл зиянды әдеттер арылған жөн.

Адам денсаулығына зиянды әдеттер
Қолтықтағы жағымсыз иістен қалай құтыламыз?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу