Брекет және оның күтімі

Oinet.kz 16-04-2020 5667

Өзіндік ерекше сұлулығы бар адамның әрбірі өзінше әдемі. Сыңғырлаған күлкіңізбен айналадағыларды тамсындырғыңыз келсе тісіңіздің сұлулығына мән берген дұрыс. Қисық тістер қашанда ерсі көрінері анық. Оны ретке келтіру үшін арнайы түрде брекет тағуды бәріміз жақсы білеміз.

брекеты+перед+установкой+импланта.jpg

Егер медициналық себептерге орай тіске брекет салдыратын болсаңыз оның бағасымен қоса өмір сүру салты мен жұмысыңызға қарай белгіленген түрін таңдағаныңыз дұрыс. Өйткені, брекет дауыс пен дикцияның өзгеруіне алып келеді. 

Брекет таққан адам тісіңе ерекше күтіммен қарау қажет болады. Әрі арнайы тазалағыш құралдары болатынын естен шығармаған дұрыс. Күнделікті тісіңізді таңертең және кешке жуатын режим өзгеріп, брекет болғасын тісіңізді әр тамақтанған соң арнайы тазалау құралымен тазалау қажет. 

Тамақтану

Тісте брекет болғасын тамақтану мәзір аздап өзгерту қажет. Тамақты қыршылдатып тістеп жемей, оны бөлшектерге бөліп, ақырын жеу. Қатты өнімдер мен құрғақ өнімдерден жасалған тағамдардан бас тарту қажет. Қатты салқын және ыстық су ішпеу керек. Әрі құрамында бояуы бар тамақтан және темекіден түпкілікті бас тартыңыз. Бұл брекеттің шешкен соң эмальда ешқандай дақтың қалуына жол бермейді. 

Ирригатор

Ортодонт-дәрігерінің пікірінше, брекет таққан адамның ауыз қуысының таза болуы үшін арнайы ауыз қуысына арналған ирригаторларды қолданған дұрыс. Мұны қарапайым тілмен түсіндірсек, қысыммен сұйықтықтың суару ағыны күнделікті күтім құралдарымен жұмыс істемейтін жерлерде ауыз қуысына енеді. Сонымен қатар, брекет жүйеге арналған арнайы саңылаулары бар: Бұлар стандартты саңылауға қарағанда жақсы тазалайды. 

1-irrigator-dlya-breketov.jpg

Тіс щеткасы

Тісінде брекеті бар әрбір адам арнайы ORTO (ортодонтия) тіс щеткасын пайдаланады. Бұл брекет пен тістің таза болуын қамтамасыз етеді. Арнайы V формасындағы бұл щетканың басында қылтандары бар, яғни тісті және брекет құрылғысын да тазалайды. Сонымен қатар, арнайы моносәулелі щетка және бар. Оның кішкентай тазалағышы қылшықтардан құралған болып, ол тіс қатарындағы тамақ қалдықтарын және қолжетпейтін жерлерді оңай тазалайды. Тазалау баяу жүреді, яғни домаланып, тістің ішкі-сыртқы бөліктерін тазалап шығады. Жоғары жақтың тістерін тазалау жоғарыдан төменге немесе төменнен жоғарыға қарай тазаланады. 

щетка3.jpg

Тіс пастасы

Брекет салынған тіске паста таңдар алдын тіс пен қызы иектің жағдайын мұқият ойланып таңдаған дұрыс. Егер брекет таққан соң қызы иекте қабыну мен ісіну пайда болса, онда дәрілік пастаны қолданған дұрыс. Тазалағыш паста  антибактерияға қарсы жоғары дәрежеде болуы қажет, яғни ауыз қуысындағы зиянды бактерияларды тазалайтын болуы керек. Тіс тіндерін қалпына келтіру мақсатында құрамында фторы бар пасталарды пайдаланған жөн. 

Dejstviya-ingredientov.jpg

Тіс жібі (флосс)

Флосс – тістер арасындағы және брекет құрылғысының тазалағына жауап беретін арнайы жіп. Арнайы жіп дөңгелек, жалпақ және беткі қабаттарының әрқилы процедуралары бар болуы мүмкін. Брекеті бар тісті тазалауға фторлы балауызданған жіпті қолданған дұрыс. Фтор тіс эмалін және тінің нығайтады. Флоссты бір рет қана қолдану қажет.  

Kak-polzovatsya-zubnoy-nityu-pri-breketakh-1.jpg

Тіс ысқышы (ершик)

Тіс ысқышы тістер тазалығының таптырмас құралы. Өзінің ерекше конструктиясының арқасында тістер арасындағы және брекеттің айналасын тамақ қалдықтарынан оңай әрі жақсы тазалайды. Тістер арасындығы кеңістік әрқилы болғандықтан тіс ысқышынің пішіні де әртүрлі болып келеді. Сондықтан, ауыз қуысының барлық аймағын дұрыс қамтитын арнайы пішінді ысқышты таңдаған жөн. Ескеретін жәйт, тіс ысқышын ек апта көлемінде қолданған дұрыс. 

11.jpg


Қолтықтағы жағымсыз иістен қалай құтыламыз?
Брекет: пайдасы мен зияны
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу