Вирусқа қарсы тағамдар
Көктемде ағза әлсіреп, иммунитет төмендейді. Оның үстінге қазір барша әлем жұрты коронавируспен арпалысып жатқанда иммунитетіміздің мықты болуы аса маңызды. Сондықтан иммунитетті арттыратын тағамдарды көптеп тұтынған дұрыс. Ақуыздарға бай тағамдар бізді мықты ететінің ұмытпайық. Ақуызға бай өнімдер: ет, балық, теңіз өнімдері, жұмыртқа және соя. Бұл тізімде колбаса, кептірілген сынды зиянды тағамдар жоқ.
Иммунитетті арттыруда өсімдік тектес өнімдерді де тұтынған дұрыс. Олар көмірсуларға бай, әсіресе астық тұқымдастары. Бұл тізімге картопты да жатқызуға болады, бірақ қуырылған болмайды.
Бактерияны өлтірушілер
Пияз, сарымсақ, хрен, қыша, шалғам және чили бұрыштарының құрамында бактерияны өлтіре алатын алапат күш бар. Олар бактериялар мен вирустардың өршуін тежей алады. Тек тамақтанумен ғана емес, айналаға да тарайды.
Пайдалы және жарқын түсті жемістер: көкжидек, қарақат, шие, қара жүзім және таңқурайлар ағзадағы иммунитетті артырары сөзсіз.
Дәрумендер тобы
Вирусты адамға жақындатпайтын басты дәрумендер – А мен С. Бұл дәрумендерді бойына жинап алған «чемпион» тағамдар бар. Мәселен, С дәрумені цитрусты жемістерде, қырыққабат, қарақат, шпинат және басқа да жасыл өсімдіктердің құрамында көптеп кездеседі. Ал А дәрумені көкөністер мен жемістердіңғ яғни сәбіз, шабдалы, құрма және тәтті бұрыш сынды тағамдарда көптеп кездеседі.
Саңырауқұлақтар
Иммунитетті арттыру құралы ретінде шығыс саңырауқұлағы – шиитакені қолданады. Оның құрамында әлсіздіктің орнын толтыратын заттар, кез келген вирустың микрофлораларын жойатын, қауіпті ісікті тоқтатып әрі бәсендететі және ағзаны физикалық тұрғыдан дамытатын дәрумендерге бай.