Грек жаңғағы: пайдасы мен зияны
Грек жаңғағы адам ағзасы үшін пайдалы дәрумендер мен минералдарға бай. Ол ең алғаш Жерортатеңізі мен Орталық Азияда пайда болып, сол жерден әлемге тарай бастады.
Бұл жаңғақтар өзге өнімдерге қарағанда өз бойына көптеген пайдалы антиоксиданттарды жинап алған. Жаңғақ мидың жұмысын жақсылап қана қоймай, сонымен бірге жүрек аурулары мен қатерлі ісікке де таптырмас ем.
Көбіне грек жаңғағының өзін жей береді, бірақ оны кейде салатқа, пастаға, таңғы асқа және әрқилы тәттілер пісіргенде қолданса болады. Әрі одан кез келген салатқа қосуға арналған жаңғақ майын да дайындайды.
Грек жаңғағының пайдасы
Грек жаңғағының құрамында пайдалы дәрумендер: В2 және В12, А, Д, С, Е, К, омега 3 мен омеа 6, фосфор, марганец, йод, калий, магний сынды басқа да пайдалы заттар мен макроэлементтер бар. Сонымен қатар, жаңғақ сиыр етін қарағанда жоғары калориялы және 17 % ақуыз бар.Әрі бұл вегетариандар үшін таптырмайтын ингрединт болып табылады.
Грек жаңғағы өздігіннен синтезделмеген және ми мен бауырдың жұмысын жақсартатын қанықтырылмаған қышқылдарды қамтиды.
Жаңғақ майы қабынуға қарсы бактерицидтік қасиетке ие және иммундық жүйені дұрыстап, ағзаны әрқилы ауруларға қарсы тұруға көмектеседі.
Жаңғақты жүктілік алдында, радиациядан қорғану барысында, жадты жақсарту үшін және жүйке жүйені дұрыстау мақсатында тұтынған жөн.
Грек жаңғаның зияны
Грек жаңғағы мықты калориялы болғандықтан оны семіздікпен күресіп жүргендерге және балаларға мөлшерден тыс жеуге болмайды. Бұларды теріс тұтыну ми жұмысы мен бадамша бездерінің қызметіне кері әсерін тигізуі мүмкін.
Грек жаңғағының кері әсері нейродермит ауруынын алдында, ішек және асқазан асты аурулары кезінде қолдану қарсы. Өнімді тек балғын кезінде тұтынған дұрыс. Өйткені, көгерген жаңғақтың құрамында қауіпті ісік пайда болғызатын афлатоксиндер бар. Жаңғақты тұтынарда өте мұқияттылықпен жеген дұрыс.