140 миллион долларға сатылған картина
06-11-2019
Суретші өзі салған әрбір туындыға жанын салып кіріседі. Картиналардан біз автордың сезімдерін, ойларын, қорқыныштарын және өз көрермендеріне жеткізетін ерекше жаңалықтарын аңғаруға тырысамыз. Кейбір суреттердің мағынасы түсінікті, ал кейбірі өз көрермендеріне ой салады. Кей картиналар пәтерлер мен кеңселердің қабырғаларын бейнелейді. Ал, сирек кездесетін туындылар әлемге әйгіленіп, мұражайларда шедевр ретінде сақталып тұр. Сол картиналардың үздік бестігіне тоқталып өтуді жөн көрдік:
«Соңғы кеш», Леонардо да Винчи
Бұл сурет автордың шеберлігін ғана көрсетіп тұрған жоқ. Мұнда Иса Мәсіх пен оның шәкірттерінің қатысуымен болған библиялық оқиға көрініс тапқан. Сурет Исаның тұтқындалар алдындағы керемет көңіл күйінен хабар береді. Ол осы кеште қайғылы оқиғаның орын аларын сезбеді. Мұндағы қызықты факт: Иса мен сатқын Яһуданың келбеттері бірдей. Әрине, мұнда Леонардо әрбір көрерменнің бұл көріністі өздерінше түсініп, аңғарғанын қалады. Леонардо да Винчи «Соңғы кеш» картинасын салуға төрт жыл жұмсаған.
«Мона Лиза», Леонардо Да Винчи
Да Винчидің тағы бір көрнекті шығармасы - Мона Лизаның құпиялы күлкісі. Бұл сурет бүкіл әлемге танымал! Мұны жасау үшін суретші бірнеше жылдарын жоғалтты. Джоконда бір ғана эмоцияны бейнелемейді: біреулер оның айла-амалына елітіп кетеді, енді бірі оның көзқарасынан қорқады. Суретке қай жағынан қарасаңыз да, суреттегі әйел көрінісі сізге қарай бағытталған. Шындығында, бұл сурет бұрындары соншалықты танымал болмаған. Үлкен атақ-даңққа ұрланғаннан кейін ие болды. Бұл сурет туралы қауесет әлі күнге дейін азаяр емес.
«Қарағайлы ормандағы таң», Иван Шишкин және Константин Савицкий
Әйгілі өнер туындысын Третьяков галереясында елеулі орын алады. Жұртшылық суретші Иван Шишкиннің есімімен бұрыннан таныс. Алайда, осы жерде картинаның екінші авторы - Константин Савицкий кім деген сұрақ туындайды. Суреттің бір бөлігінде қарағайлы орман көрініс тапса, екіншісінде суреттің бас кейіпкерлері ретінде аюлар көрсетіледі. Третьяков аталмыш туындыны сатып алғанда, Савицкийдің бірлескен авторлығын жасырын ұстады. Ал, Иван Шишкин бұл туындының жалғыз жасаушысы болып саналды.
«Қара алаң», Казимир Малевич
«Қара алаң» картинасы өз заманынжа қарапайымдылығы және терең мағына беретіндігімен танымал болды. Автор туындыны салу барысында картинаның қандай мағына беретіндігін ешкім нақтылай алмады. Кескіндеме сол уақытта өзінің қарапайымдылығы мен тереңдігімен танымал болды. Автор өзінің «Алаңын» жасауда нақты нені білдіргенін ешкім нақты айта алмайды. Суретшінің мұндай суреттер салуына геометриялық фигураларға деген үйірсектігі себеп болған деседі. Оның бұдан бөлек «Ақ алаң» және «Қызыл алаң» атты туындылары бар.
«Есте сақтаудың тұрақтылығы», Сальвадор Дали
Өнер әлеміне танымал туындыларын әкелген суретшілердің бірі әрі бірегейі Сальвадор Дали. Олардың бірі – суреттегі сағат бейнесі. Тарихшылар суреттің мағынасын – уақыттың өтпелілігі, дәуірлер мен адами құндылықтардың үнемі өзгеріске ұшырап отыруы деп түсіндіреді. Тағы бір мағынасы – ол да өмір сүруге құқылы деген салыстырмалы теорияны визуализациялау.