«Ұлыңды шайтан түрткен» деді
10-11-2024
Елес кеменің өмірде бары рас па? Әлде, ол қиял мен қорқыныштың квинтэссенциясынан туындаған аңыз ба? Әлде шындық па? Бұл химерлердің теңіз түндерінде бар-жоғы белгісіз. Алайда, олар туралы айтылған аңыздар текке емес. Егер табиғаттан тыс адамдармен өзгелер кездескен болмаса, қауесет болмас та еді ... Сол себепті, теңізге немесе мұхитқа сапарлағанда жақсылап қаруланғаныңыз жөн.
«Октавиус»
Аңызға сүйенсек, бұл кеменің ішінде жолаушылардың және капитанның денесі табылған. Сондай-ақ, кеме салонынан 1762 жылғы журнал табылған. Зерттеушілер «Октавиусты» 1775 жылы аңғарған. Оны Гренландия аралдарына кит аулауға шыққан «Геральд» кит аулаушылар командасы алыстан байқайды. Жақындап келгендекеменің өлі тіршілікке тап болғанын байқайды. Болжам бойынша, Қытайдан қайтқан «Октавиус» ешбір теңіз зерттеушілері жолын таппаған Солтүстік-Батыс өткелін зерттеуге шешім шығарады. Бірақ, кеме экипажы сәтсіздікке ұшыраған.
«Джойта»
«Джойта» елес кемелердің санатына жатпайды. Алайда, онығң тарихы зерттеушілерді әлі күнге дейін қорқытып келеді. Олар 1955 жылы Тынық мұхитының оңтүстігінде болды. Токелаудың теңіз жағалауы күзеті SOS сигналын алды. Құтқару тобы жабдықталып, Джойтаға жету үшін бірнеше уақыт жұмсайды. Сонымен, іздеу бес аптаға созылады. Олар кемені қиындықпен тапқанда ішінен бірде-бір адамды таппайды. Тіпті құрал-жабдықтар мен құтқару қайықтарының бірін де көрмейді. Бүйірінің оң жағы қатты зақымданған палубада дәрігердің сөмкесі табылған. Сондай-ақ, дене таңғыш пен қан іздері ғана табылған.
«Леди Лавинбонд»
Жаңадан үйленген отбасының қайғылы оқиғасы. Егер де, теңізде кемемен кетіп бара жатқанда жолыңыздан кемеге мінген жалғыз әйел кезіксе, бұл жақсылықтың нышаны емес. Симон Пил есімді капитан сүйген адамына үйленіп, әйеліне сыйлық ретінде теңіз жағалауына барып бал айын өткізуді жөн санайды. Алайда, керемет махаббаттың соңы бақытсыздықпен аяқталды. Кенеттен көзге көріне кеткен елес оларды құм жағалауына қарай бағыттады. Осылайша, олар теңіз суына мәңгілікке батып кетті.
«Мария Целеста»
Бұл шындыққа негізделген елестер жайлаған кемелердің бірі. Мария Целеста Португалияға жақын маңдағы, Атлант мұхитының ортасынан табылды. Кеме өте жақсы жағдайымен табылды. Бүкіл заттары орын орнында тұр және ешқандай зақым келмеген. Алайда, мұның ішінен бірде бір адам табылмады.
«Голландық ұшқыш»
Оқиғасы шындыққа жанасатын елес кемелердің ішіндегі ең танымалы. Ол туралы мыңдаған аңыздар мен әңгімелер жинақталған. «Летучий Голландец» кемесі 1700 жылы табылған. Аталмыш кеме Амстердамнан Шығыс Индияға қарай бағыт алған. Бірақ, олар жарты жолға жеткенде оларды дауыл басып кетті. Капитан Ван дер Деккен дауылмен қанша күрескенімен нәтиже шықпай, бұл кеменің адамдары да мәңгілікке кете барған.