140 миллион долларға сатылған картина

Oinet.kz 06-11-2019 1090

Картина.jpg

Американдық атақты суретші Джексон Поллоктың мына "#5" атты картинасы 2006 жылы Нью- Йорктағы ашық аукционда 140 миллион долларға сатылды. Бұл ол уақыт үшін өте үлкен ақша еді. Сонымен қатар, осы картина әлемдегі ең қымбат картина ретінде сол кезде рекорд орнатты. Оны Мексикалық коллекционер Давид Мартинез сатып алған.

Джексон Поллоктың бұл картинасы 1948 жылы салынған еді. Ол бояуды шашу арқылы салынған. Суретшілер тілімен айтқанда абстрактілі сюрализм жанры. Алайда, 1948 жылы осы туындыны небары 1500 долларға сатып алған Американдық азамат арада жарты ғасыр өткенде 140 миллион долларға сатқан екен. Міне, картина тұра беріп, қаншама есе қымбаттай берген.

Бірақ, мына картинаның соншалықты қымбат болғанына таң қалдым.

Шимайдан басқа дүниені де түсіне қоймадым. Мүмкін сіз түсінетін шығарсыз? Осындайда, бұл картинаға француз көзімен қарау керек шығар.

Мәселен: Бір көрмеде Француз картинаға 20 минут үнсіз қарап тұрыпты. Ал, сол көрмеге барған қазақ картинаға емес, әлгі Французға 20 минут қарап тұрыпты.

Айбол Қарашевтың әлеуметтік желідегі парақшасынан

Сергей Брин. Атақты «Google» іздеу жүйесінің авторы
250 жыл өмір сүрген «Адвайте» тасбақасы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу