Жалғыздың қолынан шыққан шедевр

Oinet.kz 06-09-2019 1173

21.jpg

Бүгінгі күнге жеткен жәдігер, туристер ағылып жататын ескі ғимараттар, зәулім сарайлар мен ескерткіштер әрине, жүздеген құрылысшылар мен сәулетшілердің қолынан шыққан дүниелер. Алайда тарихта жалғыз-ақ адам тұрғызған керемет сарайлар бар. Франциядағы аты аңызға айналған «Мінсіз сарайдың» оқиғасы тіптен ерекше. Құрылысы мінсіз, тастан қаланған сарайды қарапайым ғана пошташы тұрғызған дегенге сенер ме едіңіз. Бір күні Фердинанд Шеваль (пошташы) жұмысқа бара жатып жерде жатқан формасы өзгеше тасқа көзі түсіп, үйіне әкеледі. Фердинанд сол күннен бастап ерекше тас жинауды әдетке айналдырады. Қолы қалт етсе болды арбамен тас жинауды шығарады. Сөйтіп ол 1879 жылы қиялындағы сарайды тұрғызуға кіріседі. «Мінсіз сарай» деп атаған ғимаратын ол күндіз-түні демалыссыз тұп-тура 33 жыл тұрғызады. Қабырғаға өз ойын былай деп қалдырады: «Жұмыс – менің абыройым және жалғыз бақытым». Кейіннен бұл қанатты сөз әрбір француздың ұранына айналды. Көзі тірі кезінде Шеваль өзін осы сарайға жерлеуді аманаттаған екен. Алайда үкімет оған рұқсат бермеген соң пошташы дәл осы сарайдың кішкене үлгісін өзге жерден тұрғызады. Жаңа құрылысқа сегіз жылын сарп еткен Шеваль 89 жасында өмірден өткен соң сонда жерленеді.  

Темекі шегудің де пайдасы бар
Сұлулық салондарында ВИЧ жұқтыру қаупі бар
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу