Арықтауға көмектесетін ботқалар

Oinet.kz 20-10-2019 1299

Жарма – адам ағзасына өте пайдалы өнім. Жармалардан дайындалған ботқаның артық салмақтан арылуға көмегі бар екенін естіп жүрміз. Арықтау үшін қандай ботқа түрін және қалай дайындап жеу керектігіне тоқталайық. 

Арықтау үшін қандай ботқалар таңдаған пайдалы? 

e2923f2fca3a7b995d0216cb7e381235.jpg

Арықтауға арналған сұлы жармасының ботқасы. Ол 360 кКал құрайды, 10%-ы тағамдық талшықтан тұрады. Ботқаның бұл түрі ішектің жиырылуын қалпына келтіреді және ас қорыту жүйесін жақсартады. Оның ең маңызды артықшылығы – қандағы «жаман» холестерин деңгейін төмендетеді. Ескерту: сұлы жармасы ботқасымен арықтау үшін оның тек ірі жармасын, яғни геркулесті уақытылы қолдану керек. 

Арықтауға арналған арпа жармасының ботқасы. Ол жалпы ағзаға және жекелей ішекке сорғыш ретінде әсер етеді. Себебі ол ыдыраған азықтарды өзіне сіңіріп, адам денесінен шығарып жібереді. Сонымен қатар, арпа протеиндер мен аминқышқылдарға бай. Мысалы, арпада жоғары иммунитетке жауап беретін және теріде коллаген өндіретін лизин аминқышқылы көп. Бұл өнімнің калориясы 320 кКал-ны құрайды. 

Арықтауға арналған қарақұмық ботқасы. Арықтауға арналған азықтар ішінде қарақұмық бірінші орында тұрады. Себебі, ол – дене пішініне арналған нағыз пайдалы заттардан (протеиндер, күрделі көмірсулар, өсімдік жасұнығы, кверцетин антиоксидантынен) тұрады. Қарақұмық артық салмақтан арылуға көмектесіп қана қоймай, сонымен қоса, қан тамырларындағы холестерин мөлшерін азайтуға көмектеседі. 

Арықтауға арналған тары ботқасы. Оның құрамында Е және В тобының дәрумендері, фосфордың минералды тұздары, калий және магний көп. Тары ботқасы тойып тұрғандай сезіп береді, ағзадан қоқыс пен артық холестеринді шығарады және өт түзілуге себепші болады. 

Арықтауға арналған зығыр ботқасы (льняная каша). Зығыр тұқымынан дайындалған ботқа – жоғары сапалы протеиннің, Омега-3 және Омега-6 майлы қышқылының, В дәрумендер тобының  көзі. Бұл өнімнің жартысы жасұнықтан (клетчатка) тұрады. Зығыр ботқасымен жеңіл әрі табиғи түрде арықтайсыз. 

Арықтауға арналған ботқаны қалай дайындау керек? Кез келген ботқаның арықтауға көмегі тиюі үшін оны сүтте емес, суда дайындау керек. Пайдалы тамақ жеу үшін оған кілегей майы, тұз қосып, қантсыз дайындау керек. Ол дәмді болмағанымен, шынымен арықтауға көмегі тиеді. Қажет нәтиже беру үшін ботқаны күні бойы жеп, соңғысын ұйықтардан 3 сағат бұрын жеп алыңыз. Арықтау үшін ботқа жеу кезінде міндетті түрде суды көп мөлшерде ішу керек. Сол кезде қоқыстан, зәрден және артық майдан жылдам құтыласыз. 

Арықтау үшін дайындалатын ботқаны пісіруге микротолқынды пеш қолданбаңыз. Сонымен қатар, ботқаны қаптамасында көрсетілген уақыттан көбірек қайнатпауға тырысыңыз.

Дереккөз: massaget.kz

Қарындағы майды кетіру жолдары
Әрбір адам білуі керек психологиялық кеңестер
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу