Ит қауып алса не істеу керек?
Бұл жерде ең басты қауіп – құтырумен ауыру. Иттің сілекейінде бірнеше он мыңдаған, жүз мыңдаған бактериялар бар. Бактериялар адам ағзасына өте зиян.
Не істеу керек?
Ит қапқан жараның орнын ағын сумен сабындап жуыңыз. Жараның айналасына иод жағу керек. Содан кейін жараны таңып, дереу ауруханаға барған жөн. Ауруханада құтыруға қарсы егі жұмыстары жүргізіледі.
Назар аударыңыз!
Егер жарадан қан тамшылап жатса, оны тоқтатып әуре болмаңыз. Осы арқылы ағзадағы бактериялар сыртқа шығады.