Күйеуімнің әруағымен сөйлесемін
02-11-2024
Күн өтудің негізгі симптомдары ыстық соққыға ұқсас. Қосымша құсу, көздің қарауытуы, тіпті ес жоғалту жағдайлары да орын алады. Күн өткен баланың терісіне қолыңызды тигізсеңіз, суық терге шыланғанын сезесіз.
Не істеу керек?
Баланы көлеңкелі немесе салқын жерге апарып, бір қырымен жатқызу керек. Егер бала есін білетін болса, онда оған су немесе салқын шай берген жөн. Аз-аздан ұрттап ішу керек. Алда-жалда баланың ыстығы көтеріліп бара жатса, денесін дымқыл сүлгімен сүртіп, басына дымқыл орамал жапқан абзал.
Назар аударыңыз!
Денені сүртетін судың температурасы бөлме температурасынан сәл ғана жоғары болу керек. Және өте суық болмау керек. Бұл өз кезегінде ағзаға зор зиянын тигізеді.