Фолий қышқылы (B9) дегеніміз не?
Фолий қышқылы жайлы көпшілігіміздің естуіміз бар. Бірақ, ағзамызда қандай қызмет атқаратынын және оның жетіспеушілігінде қандай ауытқулар болатынын көбіміз біле бермейміз. Фолий қышқылы немесе Витамин 9 - ағза үшін маңызды бірден бір витамин болып табылады. Фолий қышқылын ішек микрофлорасы аз мөлшерде өздігінен аз дозасын өндірсе, көп мөлшері тамақпен келеді. Десек-те, қазіргі таңда тамақтың құнарсыз болуынан, фолий жетіспеушілігі жиі кездесуде.
Фолий қышқылы:
- клетканың өсуі мен ДНК- ның құрылымының сақталуына;
- иммундық жүйенің қызметіне;
- жүйке жүйесінің дұрыс жұмыс істеуіне;
- жүрек- қантамыр жүйелерінің қызметіне;
- аминокислота синтезіне қатысады.
Фолий қышқылы жетіспеушілігі:
- клетканың құрылымы бұзылып, ісіктердің ( новообразование) пайда болуына әкеледі.
- иммундық жуйе әлсірейді;
- жүйке жүйесі бұзылады;
Мегалобластты анемияға (эритроциттер санының азаюы және қызметінің бұзылуы) алып келеді.
Белгілері:
- асқазан
-ішек жолдарының бұзылысы, шаштың түсуі, унемі шаршағыштық, ауыз қуысындағы ойық жаралар.
Жүктілік кезіндегі әртүрлі мәселелерге;
Ұрықтың(плод) әртүрлі патологияларына ( ақыл-естің қалуы, гидроцефалия, қоян жырық таңдай ( заячьей губы)) алып келеді;
Есте сақтау қабілетінің төмендеуі, ұйқысыздық, жүйке жүйесінің бұзылуларына әкеледі.
Фолий қышқылы тағамда көбінесе ас-көкте (зелень, шпинат, көк пияз, брокколи т.б.) жиі кездеседі.
Сондықтан жылына 1 рет фолий қышқылына анализ тапсырып, тексеріліп тұрыңыздар. Егер қалыптыдан төмен болса дәрігер консультациясына жүгініңіз. Өздігіңізден дәрі тағайындап, ішуге болмайды. Артық доза ағза үшін қауіпті.