Құрттың біз білмейтін 7 түрлі пайдасы
Құрт – қазақ дастарханындағы ежелден келе жатқан ерекше тағам. Пішіні кішкентай болғанына қарамастан ол өте тойымды.
Куба «көсемі» Фидель Кастро кезінде құртты «Партизандар азығы» деп атаған екен. Мұның себебі бар, сыры тереңде. Толығырақ айтсақ, жаугершілік замандағы «аттың жалы, түйенің қомында» күн кешкен кездерде жауынгерлерге жүре азықтануға тура келгенін білеміз. Бұл үшін, әрине, жеңіл, бұзылмайтын, тойымды тағам керек. Және мұндай астардың бірі құрт болған. Сондайда құрт батырлар мен саяхатшылар үшін тиімді де тойымды азық болған. Құрттың тойымдылығынан басқа, пайдалы жақтары да бар.
А витамині
Құрттың құрамында А витамині бар. Ол көздің қырағылығына, бойдың өсуіне, жасушалардың жаңаруына және иммунитеттің жақсаруына көмектеседі.
Е витамині
Бұл азықтың құрамында жасушалардың қартаюына жол бермейтін және ағзаны оттегімен қамтамасыз ететін Е витамині бар.
D витамині
Ол рак және остеопороз ауруларының пайда болуын тежейді. Қазіргідей күн қысқарған уақытта ағзада D витаминіне деген қажеттілік туындайды. Сондықтан қыстыгүні құрт жегеннің орны бөлек.
С витамині
Құрттың құрамында аскорбин қышқылы бар, ол иммунитетті нығайтады және ағзаның қорғану функцияларын жақсартады.
Минералдар
Құрттың құрамында көп мөлшерде калий бар. Ол сүйектің сыртқы қабатын қатайтады және зат алмасу үдерісін тездетеді. Сонымен қатар белсенді түрде коллагеннің қалыптасуына қатысады, ал коллаген теріні жасартады.
Құрт – керемет сергітетін азық. Қан азығында, физикалық және психикалық жүктемелер кезінде жақсы көмектеседі.
Микрофлора
Құрт ішектің микрофлорасын қалпына келтіруге оң әсерін тигізеді.
Құсуға қарсы құрал
Құрт құсуды басады, кейде оны толығымен тоқтата алады. Яғни құрт жүкті әйелдерге пайдалы деуге болады.
Әйткенмен құрамында көп мөлшерде тұз болғандықтан, құртқа тым құмар болмаған жөн. Бауыры немесе жүрек-қан тамыр дерті мазалайтын адамдарға оны көп жеуге болмайды. Осы жағы есіңізде болсын.