Балаңыздың есте сақтау қабілетін дамытқыңыз келсе...

Oinet.kz 03-12-2019 1117

Цифрлы технологияның дамуы мен баланың денсаулығын қатар ала білу бүгінде қиын мәселе. Балапандарыңыздың есте сақтау қабілетін дамытқыңыз келсе, біз ұсынған кеңестерді қолданып көріңіз.

балақай.jpg

⠀– Егер балаңыз оң қолмен жазса, сол қолмен жазуды үйретіңіз. Керісінше, сол қолмен жазса, оң қолмен жаздырыңыз. Екі жақты бірдей ұстап отыру арқылы, баланың есте сақтау қабілеті дамиды.

⠀– Бала мектепке немесе балабақшаға бара жатқанда жолда көрген 3 адамның киген киіміне назар аударып, есте сақтап қалуына көңіл бөліңіз.

⠀- Алфавитті соңынан басына қарай үйретіңіз.

⠀– Фильм, мультфильм қарап болған соң желісі бойынша сұрақ қойып, талқылаңыздар. 

⠀– Күн сайын кітап оқуды әдетке айналдырыңыз. Кем дегенде аптасына 1 кітап. Сонда 1 жылда -52 кітап, 10 жылда 520 кітап оқиды.

⠀– Балаға күніне бір өлең жаттату да артық етпейді. Аптасына 1 өлең, жылына 52 өлең.

⠀– Ас мәзіріне жер жаңғақ, бал, теңіз орамжапырағын қосыңыз. 

Ене алдындағы келіннің 6 міндеті
Миллионер болудың жолдары
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу