Ене алдындағы келіннің 6 міндеті

Oinet.kz 03-12-2019 2387

4fo5hq88.jpg

ене мен келін

Әйел үшін оның күйеуінің анасы екінші ана болады. Яғни, қалыңдық әрдайым өзінің қайын енесін туған анасының орнына қойып, оған тиісінше қарау керек. 

1) алдымен, бір күні өзіңіз де ене болатыныңызды ұмытпаңыз. Сонымен қатар, жұбайыңыздың оның туған баласы екенін, оның баласына ерекше ықылас көрсететініне түсіністікпен қараңыз.

2) хадистердің бірінде былай делінген: "Отбасың үшін жасаған әрбір игі іс ол - садақа". Осы хадисті негізге ала отырып, қалыңдық өзінің қайын енесіне сүйіспеншілікпен және құрметпен қарауға тиіс. Себебі ененің жасы әлдеқайда үйлкен, ол келін көрсеткен құрметтерге әбден лайық.

3) Қалыңдық қайын енесіне жиі келіп, оны мерекелермен құттықтап, оның көңіл-інен шыға білуі тиіс. 

4) тіпті ең қатты сөзге келген сәтте де, келін шектен шықтауға, орнын білуге тиісті.

5) енесінің құпияларын өз анасыныңкінен кем көрмей, құпия ұстауы қажет. Екі арада сөз тасу да келінге жат қылық.

6) қырсықтық көрсетуге болмайды. Егер сіз бір нәрсемен келіспесеңіз, онда "Сіздіңкі дұрыс, бірақ менің бұл мәселе бойынша өз пікірім бар" деп айтқан жөн. 


Менталитет сөзінің қарапайым түсініктемесі
Балаңыздың есте сақтау қабілетін дамытқыңыз келсе...
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу