Тәттіні аз жеу үшін не істеу керек?

Oinet.kz 27-11-2019 1573

Күнделікті өмірде адамдардың кем дегенде 50 пайызы кұйзеліске түседі. Кейбіреуінде расымен де бір мәселеден шыға алмай қиналса, екіншілері өз-өзімен отырып, ой жетегіне түсіп басын ала алмай қалады. Мұндай кезде әсіресе қыздар қауымы тәтті нәрселер жеп өз-өзіне келгісі келеді.

Похожее изображение

Қарны ашқандықтан емес, белгілі бір күйзелістен шығу үшін немесе ұмыту үшін жеген тәттінің зияны көп. Тәтті тағамды көп жеу семіздікке апарар тура жол.

Кейде адамдар бір стакан су ішіп өз-өзін басқысы келгенмен, бұл әдіс онша көмектесе бермейді.

Тәттіні аз жеудің оңай жолы бар!

Инсбрук университетінің профессоры Лариса Ледовскаяның жүргізген экспериментінде қарапайым физикалық жаттығулар мен орта қарқында жүру тәттіні аз жеуге көмектесенін көрсеткен. Тәжірибеге артық салмақтағы 47 адам қатысқан. Оларды екі топқа бөлген. Бірінші топтағы адамдарды тәтті жеместен бұрын 15 минут жаяу орта қалыпты ауланы айналып жүрген. Содан келесі күні келесі топтағылар да дәл осылай қайталаған. Сыналушылардың пульсі мен артериялық қан қысымы өлшенді. Нәтижесінде олардың ауланы айналып жүргендердің күйзелістік деңгейі бір орында тұрған топқа қарағанда төмен болған. 

Демек, келесі жолы сіз де тәтті жегіңіз келсе, тәбетіңізді қашырып, өз-өзіңізді тоқтатуыңызға болады. Ол үшін жай ғана 15 минут жеңіл серуендеп қайтыңыз.

OINET.KZ

Цифрлық амнезия деген не?
Супермаркеттен сатып алуға болмайтын азық-түліктер туралы білесіз бе?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу