Шардараның тынысымен танысты

Oinet.kz 24-12-2024 10

Шардарада шаруа қожалықтары биыл мол өнім алуға ниеттеніп отыр. Мәселен Жаушықұм ауыл округіндегі  «Тұрар» шаруа қожалық бүгінде 95 гектар жерді игеріп, пияз (35га),  мақта (45 га), бақша (20 га) дақылдарын егумен айналысады. Серіктестікте 20 адам жұмыспен қамтылған. Аталмыш қожалықтың жұмысымен Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің өзі танысып шықты.  «Егін шаруашылығында өнімді арттырудың бірден бір тәсілі – тамшылатып суғару технологиясын пайдалану. Суды да үнемдеу арқылы мол өнім алуға болады. Сондай-ақ, ұсақ шаруа қожалықтарын біріктіріп, кооперативтендіру қолға алу керек. Бұл ең алдымен шаруалар үшін тиімді. Сонымен қатар, игерілмей жатқан жерлер қатаң бақылауда болуы тиіс. Аграрлық өңір ретінде өз мүмкіндіктерімізді пайдалануымыз қажет», - деді Өмірзақ Естайұлы.

Сапар аясында облыс әкімі Шардара қаласындағы №4 мөлтек ауданының инженерлік коммуникациялармен қамтамасыз ету жұмысымен танысты. Бұдан өзге, «Шардара су электр стансасының» АҚ қайта жаңғырту жұмыстарын бақылады. 1968 жылы іске қосылған станса 1998 жылы «Шардара ГЭС» АҚ болып қайта құрылған. Қазіргі таңда онда 160-қа жуық жұмыс істейді. Бүгінде станса 50 мВт қуат көзін өндіріп келсе, қайта жаңғыртудан кейін 1 агрегаттың қосылу есебінен 57 мВт қуат көзін өндіруде. Барлық 4 агрегат қосылса,  электр қуатын өндіру 126 мВт-қа артатын болады.

Бұдан кейін аймақ басшысы Шардара су қоймасы бөгетінде Сүткент ауылындағы Сырдария өзенінің арна бағыттау бөгетінің жұмысымен танысты. Бөгеттің көлемі - 5200 млн. м3. Су өткізу мүмкіндігі – 200 м3/секунд. Су қоймасының пайдалану мақсаты - ирригация, энергетика және Сырдария өзенінің орта ағысындағы су тасқындарын алдын алу. 

Сондай-ақ, Өмірзақ Естайұлы аудандағы "Хамит" ауылшаруашылық өндірістік кооперативінің балық өңдеу зауытына аялдады. 2007 жылы құрылған өндіріс орны бүгінде 250 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Зауытқа қажетті шикізат Шардара су қоймасынан, Атырау мен Аралдан тасымалданып, қайта өңделуде. Шығарылатын өнім экспортқа Еуропа елдеріне бағытталған. Жылына 2500 тонна балық өнімдерін өндіреді.

      Шардараның экономикасын дамытып отырған ауылшаруашылық саласы ғана емес сонымен қатар туризм саласы. Сапар кезінде өңір басшысы туристерге қызмет ететін демалыс орындарын көбейту керектігін тапсырды.


IT-мамандар Түркістанның келешегін талқылады
Төлебидің өнімдеріне шетелдіктер «құда түсіп» жатыр
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу