Қазақстанның 8 банкіне айыппұл салынды

Oinet.kz 15-07-2020

Қазақстанның 8 банкіне 47 миллион теңге әкімшілік айыппұл салынды. Бұл жайында Finprom.kz хабарлады.

Screenshot_11.jpg

Басылымның хабарлауынша, 2020 жылдың мамыр айының соңына дейін Қазақстанда банк секторындағы қызметті екінші деңгейлі 27 банк ұсынды. Оның ішінде14 шетелдік банк бар. Елдегі екінші деңгейлі банктер активінің жалпы сомасы бір жылда 13%-ке артып, 28,2 триллион теңгені құрады.

"Активтердің және басқа да көптеген қаржылық көрсеткіштердің өсуіне қарамастан, 2020 жылдың бірінші жартыжылдығында банктерде қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғауға қатысты 87 ықпал ету шаралары қолданылды. Оның ішінде әкімшілік айыппұлдар, қадағалап ден қоюдың ұсынымдық шаралары, жазбаша ұйғарымдар бар",– делінген ақпаратта.

Банктер көп жағдайда Қазақстан Республикасының банк заңнамасында, сондай-ақ Қазақстан ұлттық банкінің нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген нормаларды сақтамаған. Оның ішінде банктік қарызға қызмет көрсету, төлемдер мен ақша аударымдары, банктік шоттарға қызмет көрсетуді орындауда белгіленген нормалар сақталмаған.

Осылайша, екінші деңгейлі сегіз банкке әкімшілік айыппұл салынды. 2020 жылдың бірінші жартыжылдығында банктерге қатысты әкімшілік айыппұлдардың жалпы сомасы 47,6 миллион теңгені құрады.

Әкімшілік айыппұлдың ең көп сомасы – 21,9 миллион теңге Asia Credit Bank-ке салынған, сондай-ақ, Ресей Сбербанкіне 11,1 миллион теңге, Capital Bank Kazakhstan-ға 7,8 миллион теңге айыппұл салынды. Tengri Bank 4,2 миллион теңге, Альфа банк 1,1 миллион теңге төлейді.Банктер "төлемдер және төлем жүйелері туралы" ҚР заңында белгіленген ақша төлемі және аударымы жөніндегі нұсқауды орындау мерзімін бұзу, Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстыруға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы ақпаратты құжаттық тіркеу, сақтау және беру бойынша заңнаманы бұзуға жол берген.

Қазақстан: Экспорт азайып, импорт көбейді
Қытай қалай екінші ұлы экономикалық державаға айналды?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×