Қазақстан: Экспорт азайып, импорт көбейді
Елдегі төтенше жағдай мен дағдарыс экономикаға елеулі түрде әсер етіп отыр. Карантин кезеңінде сырттан келдетін тауардың көлемі азайып, керісінше отандық өнімнің үлесі көбеюі тиіс еді. Алайда жағдай керісінше деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
Статистка комитетінің мәліметі бойынша 2020 жылғы қаңтар-наурыздағы Қазақстан Республикасының еуразиялық экономикалық одағы елдерімен өзара саудасы 4389,4 миллион АҚШ долларын құрап, 2019 жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда 2,1 пайызға азайды. Соның ішінде экспорт – 1227,7 миллион АҚШ долларын құрап, 11,3 пайызға кеміген. Импорт – 3161,7 миллион АҚШ долларын құрап, 2,1 пайызға көбейген.
Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одақ елдерімен сыртқы сауда айналымында Ресейдің үлесі 92,5 пайызы құрайды. Бұдан кейінгі орындарды Қырғызстан Республикасы (4,1 пайыз), Беларусь Республикасы, (3,3 пайыз), Армения Республикасы ( 0,1 пайыз) тұр. Яғни, Армения, Қырғызстан, Беларусь елдерімен бір одақтың ішінде отырсақ та алыс-беріс аз. Алыстағы Арменияның былай қойғанда іргеде отырған қырғыз ағайындармен де қоян-қолтық араластық жоқ. Мұның себебін мамандар немен түсіндіреді? Жалпы Еуразиялық экономикалық одағы елдің күткен үмітін ақтай алды ма?