Қытай қалай екінші ұлы экономикалық державаға айналды?

Oinet.kz 28-09-2020 9256

Қытайдың қазіргі экономикалық дүмпуінің басында кезіндегі Коммунистік партия көшбасшыларының бірі, Қытайдың ұлы саяси реформаторы Дэн Сяопин тұр. Қазіргі экономикалық локомотив 1978 жылы, желтоқсан айынан бастау алды десек те болады.

Screenshot_4.jpg

Дэн Сяопиннің реформаларының арқасында Қытай 1992 жылға дейін Жапониямен, Оңтүстік Кореямен табан тіресіп келді. 2010 жылдары Қытайдың экономикасы АҚШ-тан кейінгі екінші ұлы экономикалық державаға айналды.

Бұл реформаларға дейін Қытайдың экономикасы мемлекеттің сүйемелдеуімен, бір орыннан басқарылған (Кеңес өкіметі сияқты) орталықтандырылған жоспарлармен ғана жұмыс істеп келді. 1950-1973 жылдардың аралығында Қытайдың ЖІӨ 2,9 % - ды құраса, Дэн Сяопин бастаған мәдениетті революциядан кейін ұлы секіріс кезеңі басталды. Осыдан кейін Қытай елімен Жапония, Оңтүстік Корея деген алыптар санаса бастады. Дэн Сяопин каммунисттік партияның бас хатшысы Мао Цзедун өлгеннен кейін нарықтық реформаларды іске көрішуге тікелей кірісті. Ондағы мақсат &ndash қирап қалған Қытай экономикасына нарық заңдылықтарына негізделген талаптармен қан жүргізу болды. Әйтпесе, сан түрлі ішкі революцияны басынан өткеріп, қалжыраған Қытайдың алға жылжуы мүмкін емес еді.

Дэн Сяопин бастаған Каммунисттік партияның көшбасшы реформаторлардың жұмыс кезеңі екі этапта өтті:

1. 1970-1980 жж аралығы &ndash ескірген экономикалық жүйеге демонтаж жасап, сырттан Қытайға жоғары көлемде инвестициялар тарту, капиталисттік, ашық демократиялық мемлекеттермен жаңа моделдегі қарым қатынасты жақсарту, ірі секторлардағы бизнестерді іске асыратын шетелдік кәсіпкерлерді шақыру болды.

2. 1980-1990 жж аралығы &ndash Ірі өндірістік секторларға приватизация жасау, мемлекеттік монополияның реттеу, банктік жүйе мен қаржы және мұнай секторларына протекционистті саясат жүргізу болды.

Дәл осы экономикалық жаңару үрдісі 1978-2013 жж аралығына дейін жалғасып, Қытайдың ЖІӨ-нің 70 %-ға өсуіне ықпал етті. Осы кезеңдерде Қытайдың экономикалық өсімі жыл сайын 9,5%-ға өсіп отырыпты. Бірақ Ху Цзинтаоның кезінде кейбір экономикалық жоспарлар кейінге шегерілді. 1978 жылы басталған Дэн Сяопиннің мәдениетті революциясы 1989 жылға дейін келіп, Тяньаньмэньдегі төңкерісткен кейін саябырсыды.

Қытайдағы экономикалық өрлеу кезеңі соңғы 40 жыл бойы тоқтау көрмеді. Қытайдың екінші ұлы экономикалық державаға айналуына Шығыс пен Кеңестік экономикаға барынша барлау жасауы, Тайванмен арадағы геосаяси жағдай да барынша әсер етті. Дэн Сяопиннің мәдени революциялық реформаларына қазіргі Си Цзинпин ғана қарсы тікелей тұрып, көптеген секторлардағы жоспарларын шегеріп тастады. Си Цзинпиннің жаңа бастамасы әртүрлі аспектілерді негізге алып, жаңа бағыт пен жаңа бақылауды барынша күшейтті. Бұған Қытай эксперті Минсинь Пэй «Қытадың жаңа экономикалық эрасы» деген айдар тақты.

Қытайдың экономикалық өрлеуінің басында консерватор, ұлы реформатор, саясаткер, каммунисттік партия көшбасшыларының серкесі Дэн Сяопин болды. Ол Қытай экономикасының алдына «Төрт негізгі модернизация» деген жоспарды бекітті. Дэн Сяопинге сол сәттерде Сингапурді өркениеткке бастап келген Ли Куан Ю-дің рефоралары ықпалын жасады. Дәл осы сәттен бастап, Дэн мырза Сингапурге 22000 қытайлық шенеунікті аттандырып, реформаларды үйреніп келу үшін оқуға жіберді.

Дэн Сяопин ең алдымен ауылшаруашылығы секторына көңіл бөлді. Ол шаруаларға ең ауыр кезеңдерде жерді игеруге беріп, отбасылық әріптестікті орнатып, кәсіптерді жандандыруды тапсырды. Шаруалар өкіметпен келісім шарт жасасып, кәсіптерін бастап кетті. 1975-1985 жж аралығындағы ауылшаруашылығындағы экономикалық жандану ЖІӨ-нің 25%-ын құрап, басқа да өндірістік секторларға қаражат құюға мүмкіндіктер ашып берді. Қытайдың тарихындағы экономикалық өрлеу дәуірі осыдан басталды. Ауылшаруашылығынан басталған экономикалық өрлеу үрдісі қалалар мен ірі өндірістік секторларға ауысты. Қытай сыртқы нарықты уысына ала бастады. Барлық өнімдерге квота енгізді. Жекеленген кіші өндірістік секторлар бірігіп, ірі өндірістік құрылымдарға айналды. 1978 жылы Дэн Сяопин шетелдік ірі инвесторлар мен кәсіпкерлерге «Қытайдың ашық есік саясаты» атты жаңа саяси экономикалық бастамасын жария еткеннен кейін, Қытайдың мүддесі үшін ұшан теңіз тірлік жасалды. Қытай тарихындағы ең ұлы эпоха осы болып қалуы да мүмкін.

Дэн Сяопин ең алдымен экономикалық барлау кезінде бюрократиялық шынжырлардан тұтас Қытай экономикасы мен барлық тарапты өндірістік секторларды босатып алды. Бюрократия үшін өте қатаң тәртіптігі режимде заң жұмыс жасады. 1984 жылдан бастап Дэн мырза Шэнчженьді технологиялық мақсаттағы аймаққа айналдырып, мектептар ашып тастады. Қазір ол ең ықпалды технологиялық зона болып, онда Huawei, ZTE, Konka тағы басқа ірі жоғары технологиялық компаниялар жұмыс жасап жатыр. Бұл қалада ең ірі China Merchant Bank cияқты коммерциялық банктер де жұмыс жасайды.

Енді Дэн Сяопиннің консервативті реформаларына сол кездегі ескі каммунисттік көзқарастағы саясаткерлер, бюрократтар мен өкімет басындағылар барынша қарсы тұрды. Бірақ оларынан түк шықпады. 1989 жылы орын алған көтерілістер де Дэн мырзаның реформаларына кесірін тигізгенімен, сұңғыла саясаткер одан шығар жолдардың бәрін тауып кетті. Олардың тегеурініне қарамаған Дэн Сяопин Шанхай биржа қоры мен Шэьчженде биржа қорын 1990 жылы аштырып тастады. Дәл осыдан кейін эономикалық өрлеудің жаңаша кезеңі тағы басталды. Эффективті дамымай тұрған өндірістік әрі мемлекетке тиесілі секторлар да жанданып шықты. Қаржының бәрі мемлекеттің есебінен іске қосылды. 1985, 1988, 1992 жылдары инфляция деңгейі өте төмен көрсеткіштерді көрсетті. Біз жыл сайын емес, ай сайын инфляциядан қорқумен өміріміз өтіп келеді. Қытай социалисттік нарықтық реформаның қожайыны болып шықты.

Жалпы, біз Қытайдың қалай, қандай жолмен дамып келе жатқанын, мемлекеттік реформаларды қалай іске асырып жатқанын жете білгеніміз дұрыс. Бұл біздің алып көршіміз болғандықтын, оның даму жолын терең біруіміз керек. Бұл әсіресе жастарға керек. Стратегиялық жоспарлар мен реформаларды қалай жасау керек, ұлт менталитетіне қалыптап, қалай іске асыру керектігі біздер &ndash жастарға керек. Бір адам бір державаның экономикалық әлеуетін көтеріп жіберген тарих жазылып тұр. Мұндай сақа саясаткерлердің қатарына Ли Куан Ю, Мохаммад Махатхир, Дэн Сяопиндерді жатқызуға болады.

Бұл жайында әлі талай сауатты талдауларды жасап, тарқатып береміз. Әзірге бұл шолу ғана деп білерсіздер.

Бекболат Қаржанның жазбасы

Қазақстанның 8 банкіне айыппұл салынды
Кредитті кешіру: Депутаттар мәселені шешу жолдарын ұсынды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу