Мама деген кім?
Мама деген — үйдегі артық жанып тұрған жарықтардың бәәәрін өшіріп, "Ана бөлменің светін өшір, мына бөлменің светін өшір" деп ұрсып жүретін адам;
Мама деген — балдарының тауыспаған тамақтарын ішіп, жартылай тістеп тастаған нандарын "Обал болмасын, әкел маған" деп өздері жеуін жеп алып, "Жаман семіріп бара жатырмын ба?" деп уайым қып жүретін адам;
Мама деген – бала мазасын алып, ашудың релісінен шығып кеткен кезде көтенінен қағып алып , ұйықтаған соң сол әрекеті үшін өкініп жылайтын адам;
Мама деген — "Шкафтың ішін қарасай көзіңді ашып, мен бәрін өзіммен көшіріп әкеттім ба?" деп бұрқылдайтын, үйдегі заттың бәрін қайда тұратынын жатқа білетін жалғыз адам.
Мама деген — бір жаққа кетіп бара жатып "Мама, жоқ, құдай берді екен деп, үйді бастарыңа көтермей, жан-жақтарыңды тазалап отырыңдар" деп ескертіп кететін адам.
Мама деген — бір жаққа сұрансаң да, бір жақтан келе жатсаң да, көзіне түсіп қалсаң, не көзіне түспей қалсаң да "Сабағыңды оқыдың ба?" деп сұрайтын адам.
Мама деген — әншейінде "Көзіңді құртасың, әкел телефонды" деп тартып алатын, өзі тойға ма бір жаққа кетіп бара жатқанда "Мәә, телефон көре тұр" деп бере салатын адам.
Мама деген — баланың шуынан шаршап, "Барып ойнаңдаршы" деп далаға қуып шығып ап, музыканы бақыртып қойып үй жинайтын адам.
Мама деген — "Морозильниктен көк пакеттегі сүйегі үлкен етті шығарып қойшы" деп звондайтын, шығаруды ұмытсаң үйге келген соң нервіштетіп ұрсатын адам.
Мама деген — беймезгіл уақытта звондасаң, шошып "Тыныштық па?" деп қорқатын адам.
Мама деген — бірдеңе бүлдірсең "Жақсы бопты" деп ашуын жасыруға тырысатын адам.
Мама деген — тамақтанған кезде қасында мазасын алып жүріп алсаң "Тез-тез ішіп тұрыңдаршы. Бір кесе шайымды тыныштықпен ішіп алайыншы" деп бәрін залға қуатын адам.
Авторы Ақерке Әбілхан