Күйеуімнің әруағымен сөйлесемін
02-11-2024
Психолог Ләззат Рақышева өз парақшасында әкесі ішкілікке салынып, соңында ажал құшқан қыздың жазбасымен бөліскен, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
Қыздың сөзіне сенсек, ішіп келген әкесіне қатты ашынып "Сен өлсең, біз жақсы өмір сүреміз" деп қатты айтқан екен. Көп ұзамай әкесі көз жұмған. Бірақ оған қыздың қарғысы кінәлі емес...
"Кезінде әкем қатты ішетін. Ішкенде үйде ұрыс-керіс, шешемді аямай ұратын. Арасында шырылдап 3 баласы жүретінбіз. Сөйтіп бір күні ішіп келіп тоже үйде айқай шығарды. Ол кезде үйде тек шешем екеуміз.
Сол кезде бірінші рет әкеме ауыр сөз айтып ашудан "Өл", - дедім бақырып тұрып. Қайта-қайта "Сен өлсең, біз жақсы өмір сүреміз. Есімізді білгелі ұрыс-керіс", - деп жылап айттым. Шешем де "Өлсе екен", - дейтін шаршап. Түрмеге жатқызайын десе "Ағам мен інімнің алдарынан шығады бір күні", - деп осы уақытқа дейін шыдап келді.
Әкемізді іштей жақсы көрсек те, жек көретін едік. Еркелеп әңгіме айтып көрмеппін. Өөз басым қазір әкем өмірде жоқ. 1 жылдан кетті. Өкінем, сағынам. Тірі болса екен деймін. Қанша ұрыс-керіс шығарса да, әкенің аты әке екен. Сағынам қатты. Иногда жылап алам. Бір қызық кезді еске алайық десек, ондай ештеңе де жоқ екен. Білмеймін неге жазып, неге айтып отқанымды. Ойым шашыраңқы.
Адамдар мен өл деп айтты деп, соған менің сөзіме өлді деп ойламасын. Арақ ішетін, темекі шегетін. Содан бауырында без толып кеткен. Хирургке барғанда 2 ай өмірі қалды деген. Сөйтіп 6 ай жатып рактан қайтыс болды. Шешем мен үшін қорқатын "қандай адамға тап болады екен" деп. "Өзім сияқты қиналмай ма екен" деп.
Бірақ шүкір! Күйеуім жақсы. Арасында ішеді, но осы уақытқа дейн ұрған емес. Өйткені оның да әкесі ішіп, шешесін ұратын болған. Соны көріп өскен бала "Оны саған көрсетпеймін", - дейді. Күйеуімнің әкесі де сол арақтың кесірінен ауырып өлген. Арақ жеңбесе, арақты жеңген адам жоқ шығар өмірде", - деп жазды ол.