Күйеуімнің әруағымен сөйлесемін
02-11-2024
Психолог Ләззат Рақышева өз парақшасында бала кезінен көрген қиындықтарын қасқайып қарсы алып, түбінде жеңіп шыққан қайсар жанның жазбасымен бөлісті, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
Айтуынша бала кезінде педофильдің құрбаны болған оны, үлкендер есейгесін бір жындыға ұзата салған.
"Мен де ешкімге керексіз бала болдым. Әкеме де, шешеме де керегім жоқ. Қашып далада қонып. Шөптің арасында ашпын ба, тоқпын ба бәрібір еді. Бүткіл ауыл болып бір адам "Мынау қыз ғой. Бұл болашақ ана ғой" деген жоқ...
12-13 жасар кезімде еңгезердей еркектің ермегі болдым. Зорлап кеткені аздай, ауылдың ер балдарының ермегі болдым. Өмірге ерегісіп өмір сүрдім. Аспандағы құстардан көмек сұраушы едім. Бала қиял. Ертегі кітап, әдеби кітап көп оқыдым. Қора сыпырып жүріп бақырып өлең айтушы едім. Жұрт мені жынды көретін. Есейіп бір жындыға ұзата салды. Шыны керек бала туған соң баламды қызғыштай қорғадым".
Күйеуге шыққан соң да көрмеген қорлығы жоқ екен. Ең соңында мүгедектер арбасына таңылыпты...
"Тұрмыс құрған соң да бейнетім бітпеді. Жоқ жұқана жер. Адуынды ене. Қайын апа. Не керек өмір үшін күрес...
Бөлек кеттім төркінге. Үйден анам қуса да кетпедім. Балаларымды өсіру үшін. Білім қуып, кітап оқып. Өзімді қалай да көтердім. Рас кейде күйіктен ішіп кеткім келген күндерің де болады. Бірақ мен үнемі "Гүлеке, арақ, темекі дос емес. Әлі-ақ ақ таңың атады" деп қайрап, жаман жолды баспадым. Солай жүріп бір аяқ жансызданып коляскаға да отырдым. Ол кезде анам бақилық болған еді. Жаны жанатта болсын. Өз басын көтере алмаймын күйеуім ұрып соға бастады. Не үшін десейші?! Төсек үшін. "Менімен жатпайсың, біреуің бар", - деп. Маған жан керек. Денсаулық керек. Аяқ жасамайды. Оған к*т керек. Еркекке тек к*т керек екен. Соны түсіндім. Бір ішіп келіп ұрған кезінде милициямен үйден қуып шықтым. Солай жалғыз өмірмен арпалыс.. Бір өкініштісі мені бауырларым қолдамады".
Бірақ ол тағдырына мойымапты. Өзі айтқандай өміріне ерегесіп өмір сүрген. Бүгінде келін түсіргелі отыр екен.
"Солай жалғыздықпен болдым дос деп. Тек өзімнен кейінгі сіңілім ғана жанашырым болды. Солай емделіп. Қара шаңырақты сатып қалаға кеттім. Ұлдарымды оқытып жұмыс жасадым. Өмір шындығы биікке шығу үшін бір көкенің қуыршағы болудан да арланбадым. Бірақ ол кісі барынша ақыл айтып, тәрбиелеп, балаларымды интернатқа орналастырып, мен үшін 500000 теңге пара беріп, жұмыс қа орналастырып қолдады. Аяқтан тұрғызды, емдетті. Екі аяқты басып жүруіме себепші болды. Үнемі "Сен сұлусың, жан дүниең таза жансың. Өткен өмір өтті. Ата-анаңа өмір сыйлағаны үшін рахмет айт. Қиындықты білім жеңеді", - деп оқуға түсірді. Өте көп бағыт-бағдар берді.
Тойларда ішу дегенді құптамайтын. Солай өмір өте берер ме еді... Баяғы байым ішіп келіп, ұрып кетуін қоймады. Сосын ел ауыстырып, жер ауыстырып сауда жасап батысқа кеттім. Өмір бір орында тұрмайды екен. Солай жүріп жанжарыммен бас қостым. Өте уәдеге берік жан. Жылатпады. Балаларымды өсірді. Оқытты. Бұйырса келін алармыз. Алла адал келін бұйыртсын!", - деп жазды ол.