«Балалығым ұрланған ауылға барғым келмейді»: Жақындары қорлаған келіншек қатыгез адамға айналған

Oinet.kz 20-10-2024 1421

Белгілі заңгер, психолог бала кезінде туыстарынан көрмегені жоқ келіншектің жазбасын жариялады, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі. 

Screenshot_13.jpg

Айтуынша бала кезінде әкесінің қарындастары күн көрсетпеген.

"Маған папамның 56 жылғы марқұм қарындасы, 63жылғы тірі қарындасы жаман сөздер көп айтатын. Әлі мектепке бармағанмын. Әлі есімде "Әй, сайқал! Өй жәл*п, а***ды айырым, салдақы", - деп сөйлейтін. Ауыздары жаман еді.

Кейін қыздары жүкті болып шықты байға. Кейін ажырасып үйіне келді кезек-кезек. Ана 56 жылғы қарындасының қызы қайтыс болды. Бұл туралы есейгенде міне үш-төрт жыл болды ойланам. Сөздің киесі, қарғыстың иесі болады екен ғой деп", 

Қарындастарының қорлығынан бөлек, шешесінің де ауыр жұмыстарға салып қойғанын жазыпты. 

"Шешем сыпырғышпен сабайтын. Ауыр пләкпен су тасытып, дәу үйдің сыртын толық лаймен сылататын. Кішкентай 5-6 оқитын баламын. Сиыр сауғызады. Өзі мұздай тамда теңкейіп ұйқыны соғып. Гүрпілдетіп күбі-күбі айран пісем, құрт қайнатам өкшем жарық-жарық тілінген. Сабақ та жөнді оқытпайтын. Дорожка жуғызатын, сығуға қолымның әлі келмесе жыңғылмен ұратын.

Сол ауыр жұмыстан грыжам бар. Соны емдетпей-ақ дүниеден озды шешем. Жаны жаннатта болсын. Обшым "күңсің" деп бетіме ашық айтатын. Басқа қатарластарым бала болып ойнап желкілдеп жүрсе, мен бишара үйдің тірлігінен бас көтермейтін тұғынмын", - дейді. 

Ең сорақысы өгей ағасы ұйықтап жатқанын пайдаланып, зорлық көрсеткен. Соның кесірінен күйеуі тастап кеткен.

"Бір күні жазда түн іші қатып ұйықтап қалыппын. Кіші дәретке шығайын деп тұрсам, үстімде өгей ағам жатыр. Іш киімім жоқ. Соны шешеме айтып ем, одан сайын ұрды. Солай үнемі қайталанатын. Әкем егіс басында айтайын десем түнде келеді. Жүрегім аузыма тығылып, жаман жасық, қорқақ болып өстім. Не керек кейін бәрі оңбады. Бірақ менің жүрегім тілім-тілім. Қатты болып кеттім. Тек қана жақсы, мейрімді жаққа бет бұрғызған кішкентай ғана қызым. Оның да әкесі кемшілігімді бетіме басып, тастап кетті. Бұл өмір ғой, тоқтамайды. Уақыт емші екен ғой. Қалай емдегенін өткен соң білесің, түсінесің. Мен Алладан ғана сұраймын үнсіз, бар мұңымды соған айтам. Екі-үш күн өтпей жақсы жауап береді сосын қуанамын. Себебі мені жақсы көреді екен. Қаншама сынақты еңсеріп, өзіме қол жұмсамағаным үшін.Қазір балалығым ұрланған ауылға дым барғым келмейді. Себебі сол жоғарыда жазғаным", -деп жазды ол.

Бірақ бәрі кеш еді...
«Бір жындыға ұзата салды»: Басына түскен тауқыметтерді күресіп жеңген жанның әңгімесі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу