Күйеуі үшін арықтаймын деп өліп кетті...

Oinet.kz 01-08-2024 2266

Кеше апаммен сөйлестім. Көршіміз Динара женгейдің қайтыс болғанын естіп, қамықтым. Өмірімізде болған әр оқиғадан сабақ алу керектігін түсінген мен бұл өлімнен де сабақ алдым. Түсінген ойымды сіздермен бөліскім келді. 

Screenshot_3.jpg

Динара жеңгеміз өте қамқор, жылы жүзді, бәрімізге көмектесіп, үлкендерге сәлем салып, олардың ақ батасын алып жүретін өнегелі келін еді. Ауылға түскен әр келіннің беташарында ол оң қолын ұстайтын. Үлкендер жас келінді Динараға ұқсасын деп солай ырымдап ұстататын. 

Ата-енеге жайлы, күйеуіне қамқор, балаларына мейірімді ананың қайтыс болғаны бәрімізге ауыр тиді. Бірақ оның неден қайтыс болғанын бәріміз білдік. Сіздерге түсінікті болу үшін басынан жазайын.

Динара жеңге алғаш келін болып түскенде  талдырмаш, арық, сұлу қыз еді. Кейіннен тұңғышын кесар тілігімен босанғандықтан қатты қиналып, өз-өзіне күтім жасай алмады. Дәрігерлер 3-4 жыл бала көтеруге болмайтынын ескерткенмен, жеңгеміз көп өтпей екіншісін қайта көтеріп қойды. Құдайға шүкір, екіншісін өзі босаңды. Бірақ екі перзенттен соң Динара жеңгеміз тым қатты толып кетті. Мүмкін, ағзасында горманалды өзгерістер болып жатты ма?! 

Адам танымастай өзгеріп кетті. Ағам бойы ұзын, арық азамат. Екеуі қатар жүрсе сырт көзге ағам жеңгемнің «баласы» сияқты болып көрінетін. Той-жиындарда таныстар, құрдастары жеңгемнің семіздігін бетіне басып, оның үстіне ағам да оны көп жерге ертіп баруға ұялатынын ашық айтқан соң жеңгем қатты қайғырып кетті. Қалайда қыз кезімдегідей арықтаймын деп қолынан келгеннін бәрін жасады. 

Біраз уақыт спортпен айналысып жүрді, диета ұстады. Бірақ күткен нәтиже болмады. Жеңгем интернет арқылы арықтататын дәрі сатып алып, соны ішіп жүрді. Басында дәрі жақсы көмектесті. Біртіндеп Динара жеңге арықтап, баяғыша талдырмаш қалпына оралды. Жеңгемнің арықтағанына ең бірінші күйеуі шексіз қуанып, достарын үйіне қонаққа шақырып, барлық тойларға сұлу жеңгемді қайта ертіп апарып жүрді. 

Бірақ бұл қуаныш ұзаққа созылмады. Дәріні тұрақты ішіп жүргендіктен жеңгем емі жоқ ауруға шалдықты. Алдында арықтағанына қуанып жүрген ағам енді қорқа бастады. Өйткені жеңгем күн санап тым қатты арықтап жатқан еді. Көрсетпеген жері қалмады, бірақ ауру бойын дендеп кеткендіктен жеңгем қайтыс болды. Бұл қаза бәрімізге ауыр тиді. 

Бірі марқұм жеңгемді кінәләса, енді бірі әйелінен ұялып жүрген ағамды кінәлап жатты. 

Әрине, ер адам сұлулыққа құштар екенін бәріміз білеміз. Бірақ ер адам үшін өз өмірін құрбан ету дұрыс емес деп ойлаймын. Сыртқы сұлулық уақытша. Шын жақсы көріп, ғашық болған жан сенің арық немесе толы екеніне емес, сенің жан-дүниене, ақыл-парасатына ғашық болу керек шығар. Сіз қалай ойлайсыз?!

Мен тамсанып жүрген келін күйеуін жуынды ішетін бұралқы итке айналдырып жіберген
Ауылдан келген қыздар қалада қалай бұзылды?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу