Күйеуімнің әруағымен сөйлесемін
02-11-2024
Қыз кезімде көп мән бермейтін едім. Бірақ! Қыз балаға, әсіресе қыз балаға тазалықтың қалай болатынын түсіндіру, ұғындыру бала күнінен құлағына құя беру керек екен.
Өзім де мінсіз, керемет, пысық адамның қызымын деп айта алмаймын. Мен өзімді бала күнімнен тәрбиеледім, салыстырдым. Оқушы болдық, студент болып жырақта жүріп өзім үшін көп жаңалық аштым. Тазалық жағынан. Келін болып түскеннен жылтырақ-мылтырақ киімдеріммен барған жерімнің ыдысын ұқыпты жуып, шәйімді баптап құйып, дастарханның басын жинақы ұстауға тырысам. Сөйтіп жүріп аз уақыттың ішінде сыйлы болып кеттім. Қай жерге барсам да мені танитын қайынаға-абысындарым "шәйді сен құйшы" деп қолқалап қояды.
Айтайын дегенім. Бес жыл бұрын бір келін түскен. Сырттай ғана таныс едім. Көрген жерде жұлқынып үлкен-кішінің әңгімесіне араласып аузы-аузына жұқпай, өмірде көргені мен білгені көп сияқты жалмаңдаған келінге қарап таң қалдым. Үлкен бөлменің есік жағында қатар отырған келіндердің ішінде жалғыз өзі самбырлап содан басқа адамның қолынан түк келмейтіндей дастархандағы тамақтарға жеке тоқталып, "мынаны былай, ананы бұлай дайындау керек еді" деп тапсынып отыр. Ішімнен ойладым мынау бір пысық келін екен деп. Таңданып, сөздері дөрекілеу болсада іштей сүйсініп отырмын.
Сөйтіп, екі жыл бұрын жақын араласа бастадық. Таңданысым бекер болмапты. Бәрі керісінше. Тұратын үйінің ауласы көшесінен бетер шашылып жатыр. Аяқ киім шешетін бөлмеде, жаздыгүні қыс етектері жатыр. Дастарханға шақырып дайын шәйга отыра кеттік. Қасықтың ластығы соншалық бүкіл бедері қап-қара, кесесінің іші-сыртына кір сіңіп қалған.
Бірақ, әңгімесі баяғы. Бес жыл бұрынғы жылтыраған сері жігітті қытайдың арзан киіміне тойғызып қойған, аққұба әдеміше жігіттен өң жоқ. Үстіндегі киімі олпы-солпы, шашы үкі-түкі, саусақтарының тырнақтары сояудай. Шошып кеттім. Әп-әсем жігітті кір қожалақ, жуынды ішетін бұралқы итке айналдырып жіберген.
Сөз соңында айтарым. Келін үйдің, бүтін бір шаңырақтың айнасы. Сондықтан сүйреңдеп әңгіме айтқанша, сүмірейіп жүріп тазалықпен айналысқан абзал-ау.
Әлеуметтік желіден алынды