16 жасар сіңлім екі рет суицид жасамақшы болды

Oinet.kz 01-01-2024 1187

Сәлеметсіз бе, қалайсыз? Сізді бақылап жүргеніме 1 ай шамасы болып қалды. Сырынды танымайтын адамға айт дейді ғой. Сізге айтайын дедім, бұл құпия ма білмеймін. Бірақ сізге айтқым келіп тұр.

Screenshot_11.jpg

Жасым 19-да, Аллаға шүкір 2 ағам, сіңлім бар. Бізде семейный проблема, әкем ішеді. Мамамен отау құрғанына 28 жыл болады. Әлі күнге дейін ішеді. Без причина үйде ұрыс-керіс, төбелес. Мамам, ағаларым күшті адамдар. Ағаларым шекпейді, ішпейді. Үйде береке жоқ. Күнде 1 нәрсе қайталана береді. Папа, мама базарда жұмыс істейді. Сауда да жақсы. Бірақ папа бар тапқанына ішеді де жүреді. Аузынан шешен*** түспейді. Жеңгемнен де ұят. Қыздарын сыйламаған, оны қайдан сыйлайды. 2 немересі де ішіп алғанын сезеді, жақындамайды, "ата, сен ішіп алғансың" деп жүреді. Ес білгелі үйде күнде ұрыс-керіс. Ағаларым 26, 27 жаста. Олар да "Қой-қой, папа" деуден шаршады. Ұрды да, оқытты да, айтты да тындамайды. Үйіміз әлі бітпеген. Қалада тұрсақ та, жағдай жасалмаған. Ағаларым жұмыс істейді, айлықтары да жақсы, бірақ берекесі жоқ. Арақ ішкен үйден береке кетеді дей ме?

Сіңлім 16 жаста. Психикасы бұзылып бітті. Бәріміз агресивный болып қалғанбыз. Ойламайды ештеңе. "Қызым бойжетіп отыр-ау" демейді. БОлмайтын затқа ұрыс шығарады. Дем салдырып та, тамаққа дәрі қосып та көрді, қоймайды қу арағын. Уже ұят біз үшін. Мамам да ауру болып бітті. Біз де жұрттың папаларына қызыға қараймыз. Папаның апалары бар "інім, қой" демейді, наоборот мамаға ұрсады, "үйренетін уақыттарың болды" дейді. Ещё үйде әжеміз бар, өтірікші таза, үйде не болды барлығын қыздарына жеткізіп жамандап отырады. Папаның ағалары да шаршаған "қой" деуден. Үйге де сирек келетін болған. Папамыз есіктен қашан күліп кіреді деп отырамыз. Мамаға "ажырас, квартирада болсада тұрамыз" десек, үндемейді. Папа ішпесе одан жақсы адам жоқ.

Мен қорқам жігіттермен танысып сөйлесуге. Құдай білсін қандай бай алады бізді? Мүмкін "әкесі алқаш" деп ешкім алмас. "Ол да сондай алкаш болса ше" деп. Бірақ ағаларым алтын менің. Барлық керек затымызды сол ағаларым, мама әпереді, Тіпті, оқудың ақшасын да солар төлейді. Әкемізді жек көріп бара жатқандаймыз. Даже немерелері, біреу сөйлесе сразу жаман қабылдап, сол адаммен ұрысуға дайын тұрады. Білеміз "әке-шешең жынды болса, байлап бақ" деген бар. бірақ қашанға дейін?

Сіңлім екі рет суицид жасамақшы болған. Не жетіскеннен ішеді? Сіздерден сұрарым, не істеуге болады? Арақ қойдыратын не бар?

Ляззат Ракишева

Instagram парақшасынан

Баламды аямай ұрып тастаймын
Анам «әкең білсе өлтіреді, одан да өзің барып асылып қала салшы» деп жалынды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу