Анам «әкең білсе өлтіреді, одан да өзің барып асылып қала салшы» деп жалынды

Oinet.kz 01-01-2024 7187

Сәлеметсіз бе?! Менде бірнеше күннен бері ұйқы жоқ. Белгиядан келіп анасын іздеген Эддиді көргелі. Өз өмірім, өз тағдырым есіме түсіп көз жасым құрғамауда. Бәрін басынан бастайын. 

Screenshot_12.jpg

Менің жасым ол кезде 14-те еді. Біздің үй жақта бір топ студент жігіттер турды. Солардың бірімен менің 2 жас үлкен туыс қызым кездесетін. Ол кезде агент болатын. Бір кезде маған агенттен хат келді сол туысымның жігітінен. "Үй жаққа келші мен (жаңағы қызға) сыйлық алдым. Оған ұнай ма екен білмей тұрмын, өзің келіп бір көрші" деді. Ойымда ештеңе жоқ сонда. Баламын ғой. Сосын бардым. Сол кезде ол үйде үш жігіт болды. "Жүр, мына бөлмеде тұр" дегенге сеніп, кіріп барғам ғой. Артымнан есік тарс ете жабылды. Содан туысымның жігіті мені құшақтап сүйе бастады. "Не істеп тұрсың? Жындысың ба?" деп бірақ итеріп едім, табуретканы бі қойды. Мен жерге құлағанда, көйлегімді ашты да, зорлай бастады. Мен шошып айғайлап, ұрдым, соқтым, тістедім, айқайладым көмекке ешкім келмеді. Керісінше есікті сырттан итерiп достары жауып тұрды. Ол маған ойына келгенінің бәрін жасады да, шығып кетті. Есім кіресілі-шығасылы әлім жоқ. Артынан екіншісі, сосын үшіншісі. Үшеуі кезек пен кезек зорлады. Көзім көрмей, құлағым естімей, үйге әрең жеттім. Әке-шешем күндіз жұмыста болатын. Всегда уйде жалғыз болатынмын. Өз-өзіме келе алмай, көшеге шығудан қорқып журдім. Есіме түссе күнде жылаймын. Жаңағы туыс қызыма "үйге мулдем келуші болма, сені көргім келмейді" деп айтып тастадым. Арада 4 айдай уақыт өтті. Жатсам ішім қатты болып шамалы томпайып тұрады. Бір күні жыбыр ете қалды ішім. Біртурлі болдым. Анам прокладки сұрамай жүргенімнен күдіктенді ме, УЗИ-ға апарды. "18 апталық жүкітлік, ұл бала" деді. СОл кезде аспан айналып жерге түскендей күйдемін. Анам тіл қатпады. Үйге келді де сабап тұрып ұрды мені. "Мені масқара қылмас асылып өле қал" деді. 

1-2 апта өтті. 15-ке толдым. Өмірімдегі ең жаман туған күн болды. Сол күні анам "Әкең білсе, екеумізді де өлтіреді, олан да өзің асылып қала салшы" деп жалынды. Юірақ жан деген тәтті ғой Қия алмадым. Олар жұмыста кезде ішімдегі баламен сөйлесетінмін. "Екеуміздің кінәміз не?" деп. Бір күні ұйықтап жатсам, әкем оятады "Кім ол, қызым? Не болды? Маған бәрін айт!" деді. Осы үйдегі үш жігіт маған жабылды дедім. Әкем кеткен сол жаққа. Бір уақытта бозарып келді. "Олардың ешқайсы мойындамайды, қызыңды алғысы келмейді" деп мамаға айтып жатқанын естідім. "Тағы да келетін болсағ, қызы екіқабат" деп бүкіл көршіге айтамыз деп, папамның жанды жерінен ұстап қорқытыпты. Папам таныс тауып, өзі врачтарға қаратып, 28 апталығында толғақ шақырыпғ тудырып алды. Бірақ баланы маған көрсетпеді. Маған "шала туылды, шетінеп кетті" деді. Бірақ мен оның жылағанын естідім. Тірі екенін білемін, сеземін. Жүрегім қақ айырылады ол жайлы ойласам. Бірақ әкемнен, анамнан бір ауыз сұрай алмадым. Дәтім бармады. Студент болдым, оқыдым. Болашақ жарымды кездестірдім. Кездесіп жүргенімізде-ақ оған бәрін айттым, жасырмадым. Сондада ол ақ некемізді қимай, қол тигізбеді. Үйлендік. Бақытты жармын. Жолдасым керемет жан. 3 баланың анасымын. Жасым 30-да. Қазір ол балам 15-те. Іздегім келеді, көргім келеді. Бірақ жолдасыма айтуға қорқамын. Ол да анасын іздейтін шығар? Көргісі келетін шығар? Қорқамын... Маған кеңестеріңіз керек. Не істесем болады? баламның алдында кінәлімін. Мықты бола алмадым. Оны тапқан күнде де жолдасым қалай қабылдар екен?

Одан кейін мен әлгі жігіттердің біреуін студенттер емханасында көрдім. Екеуміз де бір есікке кезек күтіп тұрдық. Көзімді алмай оған қарап, болған оқиғаның бәрі көз алдымнан өтті. Ол өзін кінәлі сезініп маған қарамады. Оны өлтіре салуға дайын болдым. Оларды әлі соц.сеттерден қарап тұрамын. Ол оңбағандарды ұмытпағанымды білсін деп лайк басамын. Үшеуі де үйленбеді. Біреуінің інісі қайтыс болды. Біреуі ішкіш урод болдым. Үшіншісі жүр әйтеуір. Менің көз жасым жерде қалмады... 

16 жасар сіңлім екі рет суицид жасамақшы болды
Түрлі қитұрқылықпен әрең қол жеткізген күйеуімнен енді кетіп қалғым келіп жүр
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу