Баламды аямай ұрып тастаймын

Oinet.kz 01-01-2024 1339

Сәлеметсіз бе? Мені анам ағаларым көп ұратын, айқайлайтын. "Қолынан түк келмейтін қа*шық" деп. Сіңілім екеумізді салыстырып отыратын, үйге келген кісілердің бәрі "сенің қолынан түк келмейді, дым істеп білмейсің" деп айтатын. 

Screenshot_10.jpg

Бір нәрсе дұрыс болмаса маған ұрысып, ұрып дымымды қалдырмайтын. 2010 жылдың аяғында әкем қайтыс болды. Содан кейін қалаға көшіп келдік. 2016 жылдар-ау деймін студент едім, арасында банкетке шығамын офицант болып бар тапқанымды анама беріп отырамын даже стпендияны да. Бір күні банкете шығатын болып дайындалып жүргем, бірақ онымен ол банкет отказ болып шыға алмай қалғам, сонда анам мені ұрып: "өтірік айтасың, дым істегің келмейді, жатып ішер" деп айқалап, ұрып тастаған болатын. Ең жақсының бәрін сол сіңіліме беретін. Бірақ анама ренжімеймін әке орнына әке, ана орнына ана болып бізді тәрбиелеген. Содан 2018 жылы тұрмыс құрдым. 2019 жылы үлкен баламды босандым. Қазір сол кездегі маған айтылған сөздері балама айтып қаламын ашумен. Даже ұрып тастаймын. Не істей аламын айтыңызшы может психолог керек шығар? Айлық қызым бар кейде жылап көнбей жатса, оған да айқалап тастаймын!

Ляззат Ракишева

Инстаграм парақшасынан

Анасын сабаған жігіт ит өліммен өлді..
16 жасар сіңлім екі рет суицид жасамақшы болды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу