Қайын атам қол көтерді

Oinet.kz 13-08-2023 2217

Білмеймін, қазір қоғамда ажырасқандар сірә көп екен. Солардың ішінде мен де бармын. 1 қыз, 1 ұл. Ажырасқаныма 2 жылдан асып, 3-ші жылға жақындап келеді. Құдайға шүкір жұмысым, бала-шағам бар. Менен кейін інім бар, бірақ оны әкемнің ағасында перзент болмағасын соларға берген. Содан мен жалғыз перзент болдым.

Screenshot_2.jpg

Өзімді кереметпін демеймін, мінезімнің ұшқалақтығы бар. Мүмкін сол мінезімнен таптым ба білмейм, ата-енеме еш ұнай қоймадым. Бәлкім ерке болдым ба, білмеймін. Бірақ еш тірліктен қашпадым, 15 сиырды бақтым, тамақ жасауды ғаламтордан үйреніп нағыз аспазшы болдым, сүтті жинай бермей сатайын деп жұмысыма әкеп сататын ем, кір жуулы, үй жинаулы, бақша егулі, әйелдің міндеті болғасын басыңа түссе істейді екенсің. Сонда да ұнамадым, қызым минингит болғанда біреуі қол ұшын берген емес, тек әке-шешем ғана қызыма қарасты. Жанын аман қалдырған әуелі Алла соған себепкер ата-анам. Тапқан тиынымның барлығын бердім, себебі менде сол үйдің адамымын ғой.

Жолдасым екеуміз бір-бірімізді жақсы көрдік, бірақ бір кінәсі отбасын сақтауды жалғыз маған артып қойды. Қайынатам қол көтерген күндері болды, әрине себепсіз емес, сөз қайтардым. Неге?, өйткені... шектен тыс мені боқтайтын, қызымды ұратын, сәл бірдеңе дұрыс болмаса айқайға сала бергесін шықпаған жан қалсын ба, менің де шықпай жүрген тілімді шығарды. Темірді қызғанда бас демекші, оларға да сол керек болды-ау содан бастап не керек, сен ондайсың, мұндайсың дегендеріне ақырында шыдамым таусылып мен де айқайға көшіп, соңы таяқ жеуге апаратын.

Жолдасым ешкімді жақтаған емес. Тек анасын ғана тыңдайтын. Әрине анасы да жақтырмайтын мені. Ақыры мақсатына жетіп, жолдасымды көндіріп ажыратты. Мен ажырасқанды көтере алмай 2 ай ауруханада жаттым.

Бір күні вконтакте желісінен қарасам, күйеуім үйленіп кетіпті. Қолымда 2 жасар қызыммен 3 айлық ұлыммен ата-анамның қолында қалдым. Қазір оның 1 қызы бар. Алиментін төлейді. Тек балдарын іздемейді. Өйткені әйелі оған қарсы, балаларын сағынған да шығар. Қанша дегенімен әкесі ғой.

Қазір кейде ойланам сонда сол тілімді шығармасам мүмкін жеңер ме едім. Осының бәрін неден екен, мүмкін өмірді үйренбегеннен бе? Бала күннен еш қиналған емес ем. Мен өлсем де ажыраспаймын деп қатайып тұрсам да бір өзімнің шамам келмей жеңілдім. Әрине, өмірден емес, сол бір жандардан ақыры жеңілдім.

Қалада жолдасымды көріп қалсам ол мені көрмегендей өтіп кетеді. Осының бәрі жаныма батады. Осы жап-жақсы жүрген жұптардың арасына неге ала мысық өтеді екен білмеймін. Жолдасыммен ренжіскен емеспін. Ол да қосылғысы келді, тек ата-анасы рұқсат етпеді, оны да түсінем.

Әзірге өмірім бірқалыпты, қанша жерден жағдайым болып, балдарыммен алдансам да жаным жабырқаулы. Жалғызсыраймын, сөз салғандар жоқ емес бірақ оларды қайтемін, бәрібір олармен болашағым жоқ қой. Мақсаттарым көп, бірақ жалғыз қиналып кеттім. Әзірге магистратурада оқимын және институтта менеджермін.

Жұмысымда бір жігіт сөз салып жүр. Осыдан 1 ай бұрын көлік апатына түскенімде бас аяғы қасымда болды, сонда анамның 70-ке келген әпкесі сол жігітті ұста, жақсы жігіт, тиіп алмасаң да алданышың, бар жоғы 27 жастасың, ертең ауру боласың, деген сияқты сөздерін жиі айтып кетті 

Ал мен қаламаймын, біріншіден ол үйленбеген, екіншіден онымен болашағым жоқ, ата-анасы мен үшін өсіріп бақпады ғой. Өзі орыс мінезді, күнде көре бергесін менде бауыр басып барам. Ол жігітті қалай тоқтатамын? Маған жігіт, махаббат, күйеу деген керек емес. Мен тек балдарымды ойлағым келеді, соларды мен көрмегенді көрсін деп күресіп келем.

Ал анам ұнатқаның болса тез кет, бірақ балаларды бермеймін. Себебі оларсыз әкең екеуміз сағынып құсадан өлерміз. Біздің ермек солар, деп ол да 1-2 рет айтып қалды. Олар да маған жаны ашып айтқан ойы болар. Ал мен ше? Мен де балаларымсыз өмір сүре алмаймын ғой.

Ал сіздер қандай кеңес бересіздер? 

Аноним

Аlashainasy.kz

Күйеуіме сенгендіктен ешқашан қызғанбайтынмын, телефонын тексеріп те әуре болмайтынмын бірақ...
Сұлу болғаным үшін мен 3 рет зорландым. Еркектерді жек көрем
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу