Күйеуімнің әруағымен сөйлесемін
02-11-2024
Тұрмысқа шыққаныма үш жылдан асты. Екі қызым бар. Жолдасымның қызғаншақтығы алғашқы кездері біліне бермейтін. Қазір уақыт өткен сайын жолдасымның қызғаншақтығы артып барады. Күйеуімнен алғашқы таяқты да орынсыз қызғаншақтығы салдарынан жедім.
Алғашқы кездері «сүйеді ғой, сосын қызғанады» деп өзімді жұбататынмын. Таяқ жесем де, орынсыз кінәлап жатса да, ойынға айналдырып жуып шаюға тырысатынмын.
Алайда оны түсініп, қызғанышын басуға тырысқан жолдасым болмады. Өзім оқып, фармацевтің дипломын алғанмын. Алғашқы жылдары үсті үстіне бала туып, жұмыс істеуге мүмкіндігім болмаса да, қазір жұмыс істегім келеді. Алайда жолдасым «жұмыс дегенді аузыңа да алушы болма» деп қатаң ескертті. Дүкенге кетсем артымнан шығып қарап тұратын жолдасымның оғайлықпен жұмыс істетпесін де білемін. Сонда дипломды не үшін алдым? Бәрібір отбасы болған соң жетіспейді, екеулеп жұмыс істеп, отбасымыздың аяққа тұрып кетуіне үлесімді қосқым келеді. Алайда жұмыс істететін түрі жоқ. Мектепті де алтын белгіге бітіргенмін. Ата-анам «енді біліміңді пайдалансай» дейді. Ал мен жолдасымнан асып кете алмай отырмын.
Азаннан кешке дейін телефонымды ақтарады. Біреу шатасып түсіп кетсе де, қайта-қайта звондап, тергеп-тексеріп айдаладағы біреумен боқтасып тынады. Жай әңгімеге шақырып та көрдім, азаннан кешке дейін үйден шықпай отырған маған «кім хабарласады?» деп сабырлыққа да шақырдым. Болмайды. Бұрынғы группаластарым, сыныптастарымнан ешкіммен арласпаймын. Өзімді күннен-күнге қарайып бара жатқандай сезінемін. Телефонмен туысқандарыммен сөйлесіп жатсам, келіп артымнан тыңдап тұрады. Қазір менің де мінезім шығайын деген, айқайласып қала беремін. Кетіп қалайын десем «жақсы көрем еріксіз қызғанамын сосын» деп жылайды. Не істесем болады? Қатты шаршатып жіберді. Сол қызғанбасын деп барынша жинақы киінем, ешкіммен сөйлеспеймін. Дүкеннен келе жатқанда біреу жөн сұраса да үй жаққа алаңдап тұрамын. Көріп қоймады ма деп. Кеше қызғанғаны тіпті шектен шықты. Өзімнің туған қайным үйге келген, сөйтсе «сен соған күліп қарадың» дейді. Мен де шыдай алмай «адам емес екенсің» дедім. Енді осылай өзінің туған інісінен қызғануға бола ма? Ақыл беріңіздерші, мұндай адаммен бірге тұруға бола ма? Отбасымыздың болашағы бар ма?
Ажар, Қарағанды қаласы