Анасын бір сөзімен өлтіріп алған ұлы өкіріп жылады

Oinet.kz 17-01-2022 2142

Ертеде бір жігіттің қарт шешесі болыпты. Шешесі ауырып, төсек тартып жатып қалады. Жігіт отын шауып, оны қалаға сатады екен. 

Screenshot_3.jpg

Шешесі күнде баласының қамын ойлап, төсекте отырады. Баласы кешке үйге келгенде: 

– Балам, шаршамадың ба? – деп сұрайды екен. Баласы шаршаса да, білдірмей: 

– Шаршағаным жоқ, апа! – деп жауап береді. Бұл сөз ауру шешесіне кішкене де болса қуат берді екен. 

Бір күні баласы жұмыстан шаршап келеді. Жанына батқан ауырлығы шаршатты ма, баласы ошақтың жанына жылынып отырып, аһлап-уһлейді. Шешесі ұлының қатты қажығанын сезеді. Баласының жағдайы жанына батқан шешесі ұлын түнімен уайымдап, жүрегі қысыла бастапты. Баласы еш шара жасай алмай отырып қалады. Таң ата шешесі сары уайымнан жантәсілім болыпты. Баласы анасының жүрегіне қайғының дертін салғанына өкініп, өкіріп жылапты. 

Содан бері ата-анаңның жанында отырғанда аһлап-уһлеуге болмайды, олардың жанына батады деген тыйым пайда болыпты. 

Екінші бір аңызда Мұхамбет пайғамбар дүниеге келген кезде Ібіліс «аһ-уһ» деп күрсініп, қайғырған екен деп айтылады.

Күйеуім мені өзінің туған інісінен қызғанады
Күйеуім «қайдан келдің, жезөкше» деп күтіп алады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу