Әйелім мыстан екенін қалай білмей келгем...

Oinet.kz 29-08-2022 32474

Он екі жыл отасып, үш бала тапқан әйеліме деген сезімім суып, оны қаламай, жақсы көрмей қалдым. Осы бір жылда басқа келіншекті кезіктіріп, көзім ашылғандай болған. Тек, бір ай бұрын ол маған не ажырасып кел, не аулақ жүр деп шарт қойды.

Screenshot_6.jpg

Өзімнің де қалауым сол ғой, бірден әйеліме айттым бәрін. Ол бәрін түсінді. "Мақұл, бар, бақытты бол" деп, киім-кешегімді де өзі түгендеп, жинап берді.

Тек, бір қарасам, бала-шағаның да киімін менікіне қосып жинап жатыр. Мұнысы несі деп, аузым ашылып қарап қалыппын.

"Сонда сен, тып-тыныш кете салам, сенбі-жексенбіде ыржыңдап кеп тұрам деп ойладың ба? Қазір менікінен сенің жағдайың жақсы, отбасың толық, балаларға сенің қасыңда болған дұрыс. Мен де өз жөнімді табайын, бетімнің әрі барда бас құрайын. Кейін, жағдайым түзелген соң, ауыртпалығын екі жақтап көтереміз. Әзірше сенде болсын. Бала екеуімізге ортақ қой" деп қарап тұр.

Сонда, мен енді мұны қалыңдығыма қалай түсіндірем? Оны да қойшы, өз бақытын тауып, бас құрау үшін балаларынан бас тартып, тастап кете баратын мыстан, құбыжықпен бірге тұрып жатқанымды осынша жыл бойы қалай білмей келгем?

Енді не істеймін? Ақыл қосыңыздаршы. Басым қатып кетті...

«Ұлым өлген соң келінім мені үйден қуып шықты» деп жылайды зейнеткер ене
Жеңгеммен үйдегілерге ұсталып қалып, масқарамыз шыға ма деп уайымдаймын
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу