Күйеуімнің әруағымен сөйлесемін
02-11-2024
“Келінім үйімді тартып алды!” Осылай деп Шымкенттік Лариса Кононец көпшіліктен көмек сұрады. Айтуынша баласының мезгілсіз қазасынан кейін, келіні үйді өз атына аударып, үйден қуып жіберген. Бұл туралы Koremiz арнасы хабарлайды.
Лариса апаның айтуынша, марқұм ұлы еңбекқор болған. Әкесінің қазасынан соң анасына қолғабыс етіп, анасына зәулім үй тұрғызып беріпті. Артынша үйге келін түсірген баланың қуанышы көпке созылмаған. Жас жігітті ауру дендеп көз жұмған.
- Келін 2018 жылы келді. Өте бұзық келін болды. Тілі жаман еді. Балам тосыннан қайтыс болды. Келін оның жетісі болмай жатып кетіп қалды, - дейді Лариса апа.
Ұлынан айрылған апа далада қалам ба деп қорқады. Себебі келіні баспананы өз атына аударып алып, үйді босат деп маза бермей жүр екен. "Екі полицеймен келіп мені далаға жетектеп шығарып тастамақшы" - дейді Лариса апай кемсеңдеп.
Видеоны көрген көпшілік: "Құдай сақтасын, басы қақшандап, сідігі бетіне шашылып отыр", "Акеркең нағыз жүлік. Құдай сақтасын, басы қақшаңдап, көкшеңдеп , жұлқынып тұр. Жетісі өтпей үйден кетіп қалған келінге доверенность бере ме кісі?", "Келін кешірім сұраған да жоқ, апаның ақ шашын сыйласа қайтеді, Алла жар болсын апаға", "Жасы кіші болсада,зәлімдігі басым екен мына келіннің.Алла алдынан жарылқасын", - деп жазды оқырмандар.
Толығырақ видеодан көре аласыздар.