Күйеуінен таяқ жейтін әйелдерді ақтауға болмайды. Өздері кінәлі

Oinet.kz 23-06-2022 5624

Күйеуінен өмір бойы таяқ жеп, көніп келген әйелдерді ақтап жатамыз ғой көбіне. Бірақ, осы жақсы нәрсе емес. Адамның өз еркінсіз (егер ол құл, не күң болмаса, құл екеш құл да қарсы шығады қожайынына) ешкім ешкімді басына алмайды.

Screenshot_7.jpg

Сол көнбіс әйелдің өзінің психологиялық ахуалы дұрыс емес. Демек, өзіне сол ұнайды. Мазохист немесе сол арқылы өзін аяп, елдің мүсіркегеніне мұқтаж.

Соншама таяқ жеп жүріп бала туады. Екеуі төсекте қосылады. Сондай күй кешіп жүріп қалай қосылады төсекте? Неге туады баланы? Сондай отбасыда туып, тәрбиеленген баланы дені сау етіп өсіру мүмкін бе?

Сосын, "түбінде жеңесің" - деп наставление береді ғой, соған тіпті таң қалам. Сонда соғысу үшін құрыла ма ол отбасы? И вообще, қайдағы отбасы??

Айгүл Бажанованың Facebook парақшасынан

Дөкейдің ерке қызы болсам да етікшіге тұрмысқа шықтым
Автобустағы бүкіл еркектің масқарасын шығарған қария
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу