Генералдың әйелі болашақ кедей құдасын менсінбеді
«Әкемнің досы университетте қарапайым оқытушы болып жұмыс істейді. Біздің үйге өтінішпен келіпті. Оның ұлы генералдың қызына үйленейін деп жатыр екен. Жастар бір-бірін сүйеді, бірақ генералдың әйелі мұндай «тең емес» некеге қарсы. Себебі қызын «бұл үшін аялап өсіргем жоқ» дейді.
Фотоның материалға қатысы жоқ
Генерал мен әйелін үйіне шақырғанда ортақ әңгіме болу үшін менің әкем де дастарханда бірге отырғанын қалап отыр. Әкем ол генералды лейтенант кезінен таниды. Сондықтан да оны «брәтішке» деп атайтын.
Сонымен, әкем қонаққа барып келді. Айтуынша, «брәтішке» бұрынғыдай емес. Өзгеріп кеткен. Әйелі де қонаққа өзін әрең қинап келген сияқты.
Осы әңгімені тыңдап отырып, екі баланың әкесі ретінде ойланып қалдым: болашақта бір үстел басында кіммен отырады екем? Әрине, жастардың бақыты маңызды ғой, бірақ сыртқы факторлар бар, әлеуметтік, бюджеттегі айырмашылық, мұның бәрі жастардың өміріне әсер етпей тұрмайды.
Бұл жағдайдың маған түк те қатысы жоқ болғанымен, ойымда жаман естелік болып қалып кетті».
Самат Нұртазаның Фейсбуктегі парақшасынан