Жангелді Немеребаев. «Сағынып, сағынып...»

Oinet.kz 25-09-2018 1632

Bmh6LDkCIAEabPH.jpg

Сағынып, сағынып сағынышты тауыстым.

Аңсап,аңсап ақыл-естен ауыстым.

Ғұмыр бойы қол созып,

Көз жетпейтін қиянға,

Сөз жетпейтін қиялға,

Бір арманнан адасып,

Бір арманмен қауыштым.

Жабығып, жабығып жабырқаулы

күй кештім,

Зарығып, зарығып қайғы-мұңмен үйлестім.

Тұлабойым толған бір,

Сезім дейтін бал-тұғын,

Нәрін,бәрін сарқыдым.

Бұл арманды жалт еткен,

Ол армандай сүймеспін.

Жылатып,жұбатып шыңдады өмір көп мені,

Гүл атып,қуантып сарғайды көңіл көктемі.

Бәлкім дұрыс та шығар,

Түнемей де,түстенбей,

Құдіреті күш бермей,

Арман болған АҚ АРМАН,

Бағындырмай кеткені...

Жангелді Немеребаев. «Сөйлейтін гүл»
Жангелді Немеребаев. «Болмыс»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу