Жангелді Немеребаев. «Болмыс»

Oinet.kz 25-09-2018 950

Тал бойынан танытқан адалдықты,

Шын періште сияқты ол маған тіпті.

Асқақтығы кем емес хор қызынан,

Қарапайым бірақ ол болмысынан.

Тұнық тамшы секілді мөлдіреген,

Тұнық сезім тек содан көрдім ерен.

Табылса да нәзіктік бір өзінен,

Батылдықты байқадым мінезінен.

Көрікті болса да аймен таласатын,

Одан да биік еткен парасатын.

Қыста да арылтпайтын бағын гүлден,

Жаны-көктем сол жанды сағындым мен.

Жангелді Немеребаев. «Сағынып, сағынып...»
Жангелді Немеребаев. «Айкөркем»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу