Жанат Жаңқашұлы. «Мен жүрегімді...»

Oinet.kz 25-09-2018 956

Мен жүрегімді,

Қайыршының қалтасындай қақтым кеп,

Ең құрымаса бір мейірім тапқым кеп.

Ең құрымаса...

Бір сорлыға сенімімді сатқым кеп.

Ең құрымаса бір адамға жаққым кеп.


Ең құрымаса...

Махаббаттың бір үзімін ұсынып,

Өлсем өлдім махаббаттан ұшынып --

Төрт қалтасын тінтіп тұрмын жүректің,

Көздің шамын түсіріп.


Сұрамай-ақ, ештеңенің себебін,

Ең құрымаса,

Жек көрейін,

Кектенейін деп едім.

Түк таппадым,

Түкпірінде жүректің,

Жалғыз ғана жылап отыр өлеңім...

Жанат Жаңқашұлы. «...Өлімнен емес, өмірден қатты қорқамын»
Жанат Жаңқашұлы. «Сен мұңайма»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу