Жадыра Байбұланова. «Көңілге тағы келген бе»

Oinet.kz 24-09-2018 1222

Toptama-ZHadyra-Bajbulanova.jpg

Көңілге  тағы  келген  бе

Қытымыр  қыстың  ызғары?

Өксіді  жүрек  көргенде,

Сөзіңде  салқын  сыз  барын…

 

Онсыз  да  сынық  көңілдің,

Кім  біледі,  қайта  сынбасын…

Мен  кешіп  жүрген  өмір – мұң,

Жұтамын  жырдың  тұнбасын.

 

Кешірші,  арсыз  ой  мына)

Қай  бақта  енді  көктейсің?

Асылғанменен  мойныңа,

Сен  мені  еркелетпейсің…

Қоқысқа  қарай  лақтыр,

Мұңымды…

Құм  ғып  үйгейсің,

Ерінім  сорлы  жылап  тұр –

Сен енді  оны…

…Сүймейсің.

Жадыра Байбұланова. «Қара сыз»
Жадыра Байбұланова. «Өткелсіз»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу