Жадыра Байбұланова. «Өткелсіз»

Oinet.kz 24-09-2018 1023

Toptama-ZHadyra-Bajbulanova.jpg

Заңына тағдырдың  көндігіп,

Тағы да мұң тербеп,  өлді  үміт…

Жыр  шыққан жүректі  емдедім –

Тұншыққан  сезімді  сөндіріп…

Күз  тағы. Көңілге  жеткен  сыз…

Біз-дағы  жетімбіз  көктемсіз.

Жағада – түйіспес  тағдырлар,

Арада – өзендер  өткелсіз…

Қараймын бір  жүрген  жолдарға,

Талай  мұң қалыпты-ау сол  маңда…

Әрі  асып сағымды  барамыз,

Адасып,  жете  алмай  арманға.

Соны  ұқтым –

өмірде  сәттер көп:

Көрікті келмейтін көктем  боп.

Бекер  біз  күтеміз,  бәрібір,

Екеуміз өтетін  өткел  жоқ!

Жадыра Байбұланова. «Көңілге тағы келген бе»
Журналист қыздың махаббаты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу