Жадыра Байбұланова. «МЕН ЕНДІ…»

Oinet.kz 24-09-2018 1150

Toptama-ZHadyra-Bajbulanova.jpg

Келер дегем  мен…

Бос үміт!

Сыз  денем…

Ойнақтап,  мейлі, енді  от  бассам.

Өлеңдерімнен…

Өзіңді  іздеме,

Мен  сендік  сезіммен  қоштасқам!

Өмірге  өкпем  жоқ  сындарлы,

Қит  етсе,  күреске  шақ  тұрам.

Мен  енді  сен  жайлы  жырларды

Қиналмай,  қоқысқа  лақтырам !

Көңілдің  қалауы,  бүкпеймін –

Өзгерді  сезімнің  шертісі,

Мен  енді  сенен  жыр  күтпеймін –

Жалғыздық – жанымның  емшісі.

Бекерге  тақпа  мін  тағдырға,

Сезімді  күткен  ем  сенен  тек…

Мен  енді  өзіңнің  алдыңда,

Тұрмаймын  ешуақыт  төмендеп!


Сүрінсем…

Өзімді сүйреймін,

Көрдік  қой  сан  мәрте  құлап  та!

Мен  енді  өзіңді  сүймеймін –

Жылап  та!  Сұрап та!  Бірақ та…

Жадыра Байбұланова. «Өлмейді сөз де, үміт те»
Жадыра Байбұланова. «Қара сыз»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу