Жадыра Байбұланова. «Өлмейді сөз де, үміт те»
Өлмейді сөз де, үміт те,
Өзгесі өледі шын.
Өмірің өзгелік те,
Сен менің өлеңімсің!
Шын жүзім шұбар, анық,
Бұлыңғыр тұман-арым,
Сені ойлап жылап алып,
Сені ойлап жұбанамын.
Хош дедім. Үш-ақ әріп,
Тулайды қостай арым,
Жүректі тұсап алып,
Қаламды бос қоямын.
Сезімің құрбан еттім,
Жүректің шейіттері!
Келеді жырлап өткім,
Өлеңім кейіпкері!
Жолыққан жолай қайғы,
Бүлінді келешегім.
Ешкімің бола алмаймын,
Ешкімің емес едім…