Ерғали Бақаш. «Жүрегім»

Oinet.kz 23-09-2018 1011

Без названия (1).jpg

Мауқымды басар сағынышым болшы, 

Қаласаң күнде барайын. 

Мұңая қалсам, қуанышым болшы, 

Жар ғылып сені алайын. 


Жүрегімді өртер шабытым болшы, 

Дүниені жырлап өтейін. 

Келмеске кетсем, табытым болшы, 

Құшақтап сені кетейін.  


Қайта оралмайтын жастығым болшы, 

Есіме ап күнде күлейін. 

Жана алмай жатсам, оттығым болшы, 

Лапылдап өшпей жүрейін. 


Асқақтап кетсем, ақылым болшы, 

Сабама түсіп ойланар. 

Бұл өмірдегі жақыным болшы, 

Көңілім сонда жайланар.  


Алтыннан құнды жақұтым болшы, 

Тек өзің ғана тірегім.

Бәрінен бұрын бақытым болшы, 

Кеудемде соққан жүрегім

Ерғали Бақаш. «Қос көкжал»
Ерғали Бақаш. «Өлең іздеп...»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу