Ерғали Бақаш. «Өлең іздеп...»
Жаңа жырым соңғы өлеңiм сияқты,
Ауыр ойдың шүңетiне батамын.
Көздiң жасы ақ қағазға жиi ақты,
Түнiменен құры аунап жатамын.
Жыр оқуға таласамыз кiлең дүр,
Жүрекжарды ғазалымыз мазалап.
Өзiмдi-өзiм келеке ғып күлем бiр.
Танаулаған безеу беттi ағалап.
Не iстеймiн, заманым сол құбылған,
Тегiн ақыл айт маған.
Кiл жас ақын Алматыда шұбырған,
Қиындықтан қайтпаған.
Өлең iздеп келдiк саған Алматы,
Құшағыңды аш, жатсынба!
Шайырлардың Отаны һәм жаннаты,
Үнсiз тыңдап жатсың ба?!