Ержан Жұмабек. «Бар мен жоқ»

Oinet.kz 20-09-2018 1115

388e1fb052d514719b7884733b1985d1.jpg

Балпитқан аса байлығым да жоқ,

Бір жанға жетер айлығым да жоқ.

Астымда жүйрік темірім де жоқ,

Қызық қуатын көңілім де жоқ!

Ғаріп басымда баспаным да жоқ,

Еңбегім?.. Алға бастаған да жоқ!..

Шын түсінетін жолдасым да жоқ,

Қиналып кеттім – қолдаушым да жоқ!


Есесіне, сан дұшпандарым бар,

Келуі жұмбақ, ұшқан бағым бар…

Бағындыратын көп тауларым бар,

Әз таңдарым бар – ақ арманым бар!..

Ойымда, өрлеу – басты әнім бар,

Бойымда асау жастық жалын бар!..

Ел арасында қадірім де бар,

Ертең елейтін Тәңірім де бар!..

Ержан Жұмабек. «Тұжырым»
Ержан Жұмабек. «Хат»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу