Ержан Жұмабек. «Жосы»
Туғаныммен мамыражай мамырда,
Мінезім бар кей кездері борандай.
Арғымақтың қаны бар-ау қанымда,
Тоқтамаспын шұғылаға оранбай?!.
Не болса да, ұмтыламын ілгері,
Гүлденердей алға басқан қадамым.
Өзегіме от төксе де күндерім,
Болашаққа күліп кетіп барамын...
Уақыт, шыдам керек, білем алдымен,
Әлі келем өзімді-өзім жеңе алмай...
Қаперімде бұлттан биік қарғып ем,
Осы бір жайт шынымен де болардай!..