Мұқағали Мақатаев. «Бәрін де қойшы...»
Өмір-ай, деймін,
Өмір-ай, деймін кейде мен,
Күндер де өтті, ойнайтын қыста жейдемен.
Кездер де кетті біреулер маған «Ей!» деген,
Кездер де жетті біреулер сіз деп сөйлеген.
Бірін де қойшы...қозы-түс өтті аяулы,
Тал түс те кетті, бесін де міне таянды.
Мына жалғанда не қалар дейсің баянды,
Кезекпе-кезек бәрі де жылжып, таяр-ды.
Мұны да қойшы.
Махаббат шіркін суытты-ау!
Мен-дағы оны,ол-дағы мені ұмытты-ау!
Аңсаған жүрек алдаса-дағы қаншама,
Махаббаттан да, аспанның Айы жуықтау.
Бәрін де қойшы...
Бәрі де өтер тоқтаусыз,
Өмір ме өмір?
Өнбей де өспей, жоқ-барсыз?
Кезегім келіп,кеткенде келмес сапарға,
Хабарсыз, ізсіз қалмасам екен жоқтаусыз...